Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге қалдыра аласыз.
АЛМАТЫ:
🔥Саид Атабековтың “Мың салт аттының дұғасы” көрмесі
Қазақстанның заманауи өнерінде жетекші орын алатын суретшілердің бірі туындылары арқылы дәстүр мен заманауи құндылықтарды, сондай-ақ дәстүрдің мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін зерттейді. Оның туындылары көрермендерді өткенге, бүгінге және болашаққа ой жүгіртуге шақырып, жаһандық өзгерістер жағдайында ұлттық сана мен мәдени кодтардың өзара байланысын зерделейді.
Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 а/3
Күні: 18 және 19 қаңтар, 12:00 – 18:00
❄️Коньки тебу
Баршаңызды Алматыдағы ең үлкен мұз айдынында коньки тебуге шақырамыз! Өз конькиіңізбен келетін болсаңыз, сырғанау тегін. Сондай-ақ жақын жерде 1500 теңгеге коньки жалға беру қызметі де бар.
Өтетін орындары: Наурызбай ауданы әкімдігі алдындағы алаң (мкр. “Шұғыла”, 347) және Алматы Арена (мкр. “Нұркент, 7).
Күні: 18 және 19 қаңтар, 10: 00-22:00
🌳«Өмір ағашы» көрмесі
Бұл көрмеде танымал алты суретшінің туындылары ұсынылады. Олар әйелдердің Қазақстан тарихындағы орны мен маңызын бейнелейді.
Өтетін орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137
Күні: 18 және 19 қаңтар, 10:00 – 19:00
🌨«Мұзды аспан» көрмесі
Суретші Эльвира Григорьян өз жұмысында екі бейнелеу тілін – керамика мен фотосуретті біріктіреді. Өнердің бұл екі түрлі тәсілі аспанды түсінуге арналған құралға айналады. Ол жақын және алыс, дерексіз және нақты, өзгермелі әрі тұрақты болып келеді.
Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51
Күні: 18 және 19 қаңтар, 10:00 – 19:00
🎄«Бұл шырша емес» көрмесі
Көрме заттарды қабылдаудың үйреншікті тәсілдерін қайта қарауға шақырады. Шара барысында қарапайым нәрселердің мәдени және жеке мәнге ие бола отырып, символдарға қалай айналатыны зерттеледі.
Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат)
Күні: 18 және 19 қаңтар, 10:00 – 20:00
✍️Қағаз көрмесі
Көрмеде қағаздан жасалған өнер туындылары ұсынылады. Экспозицияда 1980 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі танымал қазақстандық суретшілердің жасаған бірегей жұмыстары қойылған.
Орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 18 және 19 қаңтар, 11:00 – 19:00
👀«Қысқы вернисаж» көрмесі
Қазақстанның белгілі қылқалам шеберлері Нұршидин Баратов пен Алексей Уткин көрермендерге туған жерге және қалаға деген терең сүйіспеншілікке толы шығармаларын ұсынады. Суретшілерді табиғи жарықта, табиғи ортада жұмыс істеу әдісі біріктіреді. Бұл тәсіл олардың туындыларына табиғаттың бай бояулары мен әсемдігін дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Сол себепті олардың картиналары көрерменге шынайылығымен жақын. Ол табиғаттың тынысы мен ақиқатын айқын сезінуге шақырады.
Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 18 және 19 қаңтар, 11:00 – 19:00
АСТАНА:
💪«ADAMGERSILIK» көрмесі
Бұл көрме — Қазақстанның үздік суретшілерінің бірлескен шығармашылығының нәтижесі. Олар күнделікті өмірде шеттетіліп қалатын аутизммен ауыратын балаларды қолдауға және олардың мәселелеріне назар аударуға шақырады.
Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 18 және 19 қаңтар, 10:00 — 20:00
Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!