Фэн-шуй” ілімі адам өміріне қалай әсер етеді?

Автор: редактор 16 апреля, 2024


“Фэн-шуй” ілімі адам өміріне қалай әсер етеді?

☝🏻 Жақында халықаралық фэн-шуй күні аталып өтті. Осы тұста, көпшіліктің сұранысы бойынша аталмыш ілім туралы толық ақпарат беруді жөн санадық. Жалпы, “Фэн-шуй” адамды сыртқы әлеммен үйлесімді өмір сүруге үйрететін ежелгі даосизм ілімі. “Фэн” — “жел”, ал “шуй” — ағындар деген мағынаны білдіреді.

📌 Бұл тәжірибенің негізі — адам мен табиғат арасындағы энергия алмасудағы тепе-теңдікті сақтау. Ілімнің қалыптасуы 3500 жылдан асады.

⚫️ Фэншуй әдісі ғылыми түрде дәлелденбесе де, оны жақтаушылар киім, тамақ, баспана және көлікте маңызды фактор деп санайды. Мысалы, көптеген қытайлық үйлеріне жөндеу жұмысын жүргізгенде фэн-шуй ілімін ескереді.

📌 Ендеше фэн-шуйдағы кеңестерге тоқталып өтейік.

✔️Жатын бөлмеге айна қоймаңыз

Бұл ілім бойынша жатын бөлмедегі айна әйел мен еркек энергиясы, яғни инь мен янь арасында кедергі тудырады. Яғни, ұйқыдағы адам айнаға қарап жатса, бұл қарым-қатынастағы қиындыққа әкелуі мүмкін. Сол себепті айнаның тұруы түрлі келеңсіздікке жол ашады деген түсінікке келеді.

✔️Үйді таза ұстаңыз

Фен-шуйдің басты ережелерінің бірі — үйді жинау арқылы ой-сананы қалыпқа келтіру. Себебі шашылып жатқан заттар арасында өмір энергиясы қозғалыссыз болады. Сәйкесінше ол дамымай, теріс күшке айналады. Айналаңыздағы хаос ішіңізде бейберекеттікті тудырады. Жиналмаған ас үй байлықты қашырады, кір ванна сәттіліктен алыстатады, шашылған кіреберіс ішкі жан-дүниеге тыныштық бермей, кір қонақ бөлме жалғыздыққа әкеледі. Өмірдегі кез келген қиындықты шешпес бұрын, үйіңізді жинап, реттеген жөн.

✔️Жатын бөлмеге техникалық зат қоймаңыз

Мұның тағы да бір ережесі — жатын бөлмеге техника қойылмағаны дұрыс. Ұйықтайтын жерде әйел, яғни инь энергиясы басым болуы тиіс. Ашық түстер, жайлы жарықтандыру, жұмсақ төсек-орын. Ал компьютер, теледидар, телефон сынды техника бұйымдарында янь энергиясы басым. Ол сізге жұмыс күнінен кейін күшті толыққанды қалпына келтіруге мүмкіндік бермейді.

✔️ Үйге таза ауа мен күн көзін кіргізіңіз

Үйді жиі желдету жағымды ци энергиясының келуіне әсер етеді, өміріңізге гармония әкеледі делінген фен-шүй ережелерінде.

✔️Ескі әмияннан бас тартыңыз

Әяминнің ескі не сізге дейін қолданылған болуы теріс энергия шақырады. Сол себепті, ең әуелі, ішіне емес әмияннің өзінің сапасына мән берген жөн. Ақшаны өзіңізге тарту үшін оған осы іліммен ерекше ілтипат көрсетіңіз.