Грэмми, Теміржол, Жеңіс. 5 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 05 Ақпан, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Тарихи жеңіс: Қазақстандық спортшылар көркем жүзуден әлем чемпионы атанды.

Көркем жүзуден алғашқы алтынды қазақстандық спортшылар Наргиза Болатова мен Эдуард Ким жеңіп алды, чемпионаттың баспасөз қызметінің пікірінше, олар Қазақстандағы осы спорт түрінің тарихына енді.

«Қазақстан суда жүзуден әлем чемпионатында өзінің алғашқы алтын медалін жеңіп, көркем жүзуден сенсациялық атаққа ие бола отырып, Дохадағы тарихи түнді өткізді», – делінген хабарламада.

Аралас дуэттер арасындағы сайыста (техникалық бағдарлама) біздің спортшылар үздік атанды.
Қытай Қазақстаннан бес ұпайға қалып қойып, екінші орынды иеленді. Ал Мексика 11 ұпай аз жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Жеңіс құтты болсын!👏🏻🔥

2️⃣ Алматыда үшінші теміржол вокзалы бой көтереді.

Алматының Алатау ауданында салынатын қаладағы үшінші вокзалдың құрылысы 2040 жылға дейінгі жобалар кешеніне кіреді.

Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар, айналымға қосымша жолаушылар пойыздарын қосуға мүмкіндік береді.

«Жаңа теміржол платформасын салуға арналған аумақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»АҚ-ға тиесілі магистральдық желіде орналасқан. Вокзал Мәдениет шағын ауданы маңында салынады», – деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

Платформаны «Қазақстан темір жолы» салады.

Жақсы жаңалық екен!👍


3️⃣ 66-шы “Грэмми» сыйлығының иегерлері белгілі болды.

Билли Айлиштің «Барби» фильміне арналған «What Was I Made For?» әні АҚШ Дыбыс жазбасы академиясының нұсқасы бойынша жылдың ең үздік әні атанды.

Сонымен қатар жылдың ең үздік әні атағы үшін «Барби» фильмінің саундтрегі тізіміндегі «Dance the Night» (Дуа Липа), «Butterfly» (Джон Батиста), «Flowers» (Майли Сайрус), «A&W» (Лана Дел Рей), «Vampire» (Оливия Родриго), «Kill Bill» (SZA) және «Anti-Hero» (Тейлор Свифт) таласты.

Майли «Flowers» әнімен ең танымал жеке орындау бойынша «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды. Үздік танымал альбом жүлдесі «Midnights» композициясы үшін Тейлор Свифтке берілді.

R&B стиліндегі үздік әні үшін «Грэммиді» SZA жеңіп алды.

Салтанатты рәсім Лос-Анджелесте өтіпті😍 Сіздің сүйікті тұлғаларыңыз бұл тізімде бар ма екен?)