IELTS емтиханы: Дайындық жүргізудің ең тиімді әдістері

Автор: редактор 06 февраля, 2024


IELTS емтиханы: Дайындық жүргізудің ең тиімді әдістері

📚İELTS құрылымы қандай және неше бөлімнен тұрады?

1️⃣ Listening — тыңдалым

🔹 Бұл бөлім бойынша подкасттар мен радио хабарларды тыңдаңыз. Субтитрлері мен музыкасы бар сериалдардан бас тартыңыз. Көптеген оқытушы дайындық күндері BBC жаңалықтарын тыңдауға кеңес береді.

Себебі аудиожазбаны тыңдау 30 минутқа созылады. Ал бұл екі монолог және екі диалогтан құралған 4 бөлімнен тұрады. Жалпы алғанда сізге 40 сұраққа жауап беру керек болады.

Тыңдау күнделігін жүргізіңіз. Подкастта не тыңдағаныңызды, нені түсінгеніңізді және сізге не ұнағанын жазыңыз.

2️⃣ Reading — оқу

🔹 Reading бөлімі 60 минутқа созылады. Бұл уақытта үш мәтінге берілген 40 сұраққа жауап беру, сонымен қатар жауаптарды арнайы бланкке көшіру қажет. Уақытты қалай бөлу керек екенін өзіңіз білесіз. Алайда тренерлер бір мәтінге 15-20 минут әрі қиын тапсырмаларды кейінге қалдыруға кеңес береді.

Емтиханға дайындалу үшін күрделі мәтіндерді оқыңыз. Мұнда жеке сөздерді білу жеткіліксіз. Себеді идиомаларды, синонимдерді білу, ұзақ сөйлемнің құрылымын түсінуіңіз керек.

Дайындық кезінде көркем әдебиетті ұмытып, ғылым, қоршаған орта, білім, технология, экономика және жұмыспен қамту туралы мақалаларды оқуға тура келеді.

3️⃣ Writing — жазу

🔹Мұнда берілген тақырыптарға байланысты әр түрлі стильде екі эссе жазасыз. Оның көлемі кем дегенде 150 сөзден (Task 1) және 250 сөзден (Task 2) тұруы тиіс. Екі тапсырмаға 60 минут беріледі.

Бұл ең қиын кезеңнің бірі. Сондықтан дайындыққа көбірек уақыт бөліңіз. Компьютерде емес, қолмен жазуды үйреніңіз. Қолыңызға қалам алып, күн сайын эсселер мен диаграммаларды қайталап жаза беріңіз. Барлық пайдалы сөздер мен конструкцияларды белгілеңіз және оларды жатқа айтыңыз.

Мәтіндерді IELTS-емтихан веб-сайтынан алуға болады. Дайындыққа уақытты өзіңіз белгілеңіз. Мәселен, диаграммаға 20 минут, ал эссеге 40 минут уақытыңызды арнаңыз.

4️⃣ Speaking — “сөйлеу” бойынша лайфхактар✔️

🔹IELTS Speaking test Academic және General модульдері үшін бірдей үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде (1-2 минут) емтихан алушы жалпы тақырыптарға сұрақтар қояды. Екінші бөлімде берілген кәртішке бойынша сұрақтарға жауап беру, 2 минуттай сөйлеу керек.

Бейнені қараңыз, аудионы тыңдаңыз және барлық грамматикалық құрылымдарды жазыңыз.

5️⃣ Барлық бөлім бойынша өз еркіңізбен дайындалыңыз.

🔹Адамдврдың емтиханды қалай тапсыратынын көру үшін YouTube қосымшасынан «real ielts speaking» бейнелерін көруге кеңес береміз. Мысалы, IELTS ресми YouTube арнасында осындай видеолар бар. Мұнда әңгіме қалай өтетіні және емтихан алушы қандай сұрақтар қоятыны белгілі болады.