Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Қазақстандықтар көлік нөмірлерін онлайн бере алады.
2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алады. Бұл туралы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин айтты.
«Бүгінгі таңдағы ең үлкен жетістіктің бірі — 2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар көлік нөмірін, дәлірек айтсақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алуы. Бұрын көлік сатып алғанда – тіпті онлайн транзакция жасағанда – жаңа иесі жаңа нөмір алу үшін арнайы ХҚО-ға келуі керек еді. Енді бұл қажеттілік жойылды. Сонымен қатар, сұранысы жоғары көлік нөмірлерін жақын туыстарына беру мүмкіндігін жасауды қолға алдық», — деді министр.
Тағы бір маңызды жаңалық бар. Меншік иесі тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қайта тіркелуін алып тастағымыз келеді, дейді министр.
Жақсы мүмкіндік екен!🔥
2️⃣ Астаналықтар үй жануарларын тегін чиптеп, тіркей алады.
Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді.
Астаналықтар үй жануарларын жаздың соңына дейін «Астана ветсервисте» бойынша тегін чиптей алады.
Орталық мекенжайы: Сарыарқа ауданы, С.Мұқанов көшесі, 2/1 (Арнайы ХҚО).
Байланыс нөмірлері: +7 (747) 623 53 57, +7 (747) 672-85-27.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас: 13:00-14:00), сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін.
«Иттер мен мысықтарды тіркеу кезек тәртібімен өтеді. Тіркеу рәсімі үшін жануармен бірге келу, сондай-ақ өзімен бірге мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон болуы қажет», — деп атап өтті әкімдік.
Сонымен қатар, Астана тұрғындары өз үй жануарларын ақылы негізде елорданың бірнеше ветеринарлық клиникасында тіркей алады.
Ал сіз тіркеліп үлгердіңіз бе?😯
3️⃣ Шымкентте 5 проценттік жаңа ипотекалық бағдарлама басталды.
Бұл туралы Отбасы банкі мәлімдеді.
Ипотека қандай шартпен беріледі
«Qamqor» атты жаңа бағдарламаның операторы – Отбасы банк. 15 тамызда банк сайтындағы «Баспана маркет» бөлімінде құжат қабылдау басталды. Ал 25 қыркүйекте аяқталады.
Ипотеканың шарттары:
алғашқы жарна — 10 %.
кредит мөлшерлемесі — 5 % (жылдық тиімді сыйақының мөлшерлемесі — 5.2 %), ары қарай 3.8 % дейін төмендейді;
қарыздың шекті көлемі — 20 млн теңге;
Қандай үй ипотекаға алады
Жергілікті бюджеттен 3 млрд теңге көлемінде алғашқы транш бөлінеді. Оған 150 адамға жеңілдетілген ипотека беріледі деген жоспар бар.
Баспананы жаңа және қолданыстағы үйден ипотекаға рәсімдеуге болады. Тіпті, салынып жатқан тұрғын үйден де пәтер алуға рұқсат бар. Бірақ ондай құрылыста Қазақстанның тұрғын үй компаниясының кепілдігі болуы шарт.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады
Жаңа ипотеканы нақты бір мамандық бойынша жұмыс істейтін азаматтар ала алады. Олар:
— дәрігерлер, медбикелер, санитарлар;
— педагогтар, тәрбиешілер, бала күтушілері;
— колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары;
— ғылыми-зерттеу институтттарының қызметкерлері;
— мәдениет пен спорт қызметкерлері;
— шығармашылық одақтардың мүшелері;
— журналистер;
— қаладағы мемлекеттік ұйымдар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері;
— энергетика саласының өкілдері;
Қатысушыларға қандай талап қойылады
Негізгі талаптар:
қатысушының 63 жастан аспауы;
соңғы бес жылда республика бойынша баспананың болмауы (отбасы мүшелеріне де қатысты);
Шымкент қаласында соңғы үш жыл бойы тұрақты тіркеудің болуы;
еңбек өтілі кем дегенде 12 ай;
бағдарламаға ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады;
Үлгеріп қалыңыздар!📌