Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ “Иә, мен қазақпын”: Украинада соғыс туралы алғашқы көркем фильм жарыққа шықты
“Буча” атты туынды шынайы оқиғаға негізделген. Мұнда соғыс басталғалы орын алған ең үрейлі сәттердің бірі баяндалады.
Фильмнің басты кейіпкері – өмірде бар адам, Қазақстан азаматы Константин Гудаускас. Ресей украин жерлерін басып ала бастағанда, ол қазақстандық паспорттың көмегімен еш кедергісіз жүріп, бейбіт тұрғындарды эвакуация жасауға мүмкіндік алған.
🇰🇿🇺🇦 Туынды өткен аптада прокатқа шығыпты👍
2️⃣ “7-20-25” ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді
Ұлттық банк “7-20-25” ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы” қаулыға өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді.
Өзгерістер Ұлттық банктің 2024 жылғы 30 қазандағы №65 басқарма қаулысымен енгізіледі:
* 2025 жылы бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемі 100 млрд теңгеге дейін белгілеу;
* “7-20-25” бағдарламасы бойынша алынған қарыздың негізгі борышы мен сыйақысы бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 күн кіретін кезеңге мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін төлем мерзімін кейінге қалдыруды енгізу;
* 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір отбасы мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем жатақханалардағы бөлмелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апат жағдайында деп танылған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 18 ай ішінде қарыз алушының (және жұбайының/зайыбының) меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы туралы талапты енгізу көзделеді.
Бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері (бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлінісінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және т.б.) өзгеріссіз қалады.
Өзгерістермен таныстыңыз ба?🤔 Толық ақпаратты сайтымызға көрсетілген сілтемеден оқи аласыздар✔️
3️⃣ Алдағы күндері елімізде аяз күшейеді
“Қазгидромет” РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктер республиканың барлық дерлік аумағында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталатынын мәлімдеді.
“Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы бұрқасын, көктайғақ құбылыстары, елдің басым бөлігінде екпінді жел күтіледі. 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты қар, 13 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы болжанады. Тек батысында, 14 қарашада елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі”, — делінген хабарламада.
Батыс облыстарында ауа температурасы түнде 0-11 аяз, күндіз +3-8 аралығында болады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығындағы өңірлерде түнде 8-18-ден 3-15 аяз болады. Күндіз 5-12-ден 0-8 аяз күтіледі. Республиканың шығысында 13 қарашада ауа температурасы түнде 10-25 аяз, күндіз 5-16 аяз болжанып отыр.
14 қарашада түнде 7-20 аяз, күндіз 2-13 аяз, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады, түнде 6 градус жылудан — 6 градус аяз, 1-10 аязға дейін, күндіз 3 градус аяз — 5 градус жылы болады.
25 градус аязға дейін барады екен📍Абай болыңыздар!