«Үйде жатпа» күнтізбесі. 14 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 13 Сәуір, 2024


💪14 сәуірде өршіл мақсат қоюға итермелейтін “Үлкен нәрсеге қол жеткізу күні” аталып өтеді. Әрине, кез келген жан үшін жаңа нәрсеге ұмтылып, тәуекел етудің орнына жайлылық аймақта болу ыңғайлы. Алайда бұл қарқынмен мақсатқа жету мүмкін емес. Егер тағдырдың күтпеген өзгерісіне әлі де дайын болмасаңыз, кішкентай қадамдардан бастауыңызға болады. Жасаған әрекетіңіз сіз ойлағандай нәтижесін бермесе, көңіл күйіңіз түсіп, салыңыз суға кетпесін. Тек өткен жағдайға шолу жасап,  алға жылжуыңызды тоқтатпаңыз! 

 

Баршаңыздың жаңа бастамаларыңыз бен кәсіптеріңізге сәттілік тілейміз! 

 

 

👀Бүгін “Аспанға қара” атты тағы бір қызықты күн аталып өтеді. Сәуір айының ортасына қарай, жерге қауіпсіз метеорлық жауын-шашын Лирид шамадан тыс көп түседі. Сонымен қатар осы уақытта кез келген адам бақылауға мүмкіндік алатын басқа да астрономиялық құбылыстар орын алады. Табиғат сұлулығын тамашалау үшін смартфон мен басқа да гаджеттеріңізді сөндіріп, әлем туралы білім көкжиегіңізді кеңейтуге тырысыңыз. 

 

Жұлдыздарды тамашалаған ұнай ма? 

🗣14 сәуірде Кореяда “Қара күн” тойланады. Аталмыш мерекені бойдақтар Әулие Валентин күнінен кейін тойлауды әдетке айналдырған. Оңтүстік Кореяда қыз бен жігіттер бір-біріне сыйлық тарту ететін екі мереке бар. Бірі – Әулие Валентин күні (14 ақпан). Бұл мерекеде әйелдер ер адамдарға сыйлық жасайды. Екіншісі – Ақ күн (14 наурыз). Аталымыш күні ерлер қауымы керісінше әйел адамдарды сыйлықпен қуантады. Ал “Қара күн” қос мерекеде де сыйлық алмаған жандарға арналады. Әдетте, бұл күні бойдақтар қара киімдерін киіп, бас қосады. Осылайша барлығы қара соя пастасы қосылған кеспемен тамақтанады.

 

Ал сіз Әулие Валентин күнінде сыйлық алдыңыз ба? 

👥14 сәуірде дүниеге келген атақты тұлғалар. 113 жыл бұрын қазақ әдебиетінің сыншысы, жазушы Белгібай Шалабаев (1911-1990) өмірге келді. Ол “Әдебиет майданы”, “Жекпе-жек” әңгімелерінің, “Өмірде не болмайды” повестер мен фельетондар жинағының авторы. Сонымен бірге “Қазақ әдебиеті тарихының” бірінші томын жазған. “Қазақ прозасының тарихы”, “Әйел кейіпкерінің сюжеті”, “Қазақ романының тарихы” монографияларының авторы. Бүгін америкалық актер және продюсер Эдриен Броди 51 жасқа толды. 29 жасында ол “Оскар” сыйлығын жеңіп, тарихта беделді марапатты иеленген ең жас актер атанды. Өнер иесі көпшілікке “Кинг Конг”, “Пианист” және “Күрте” фильмдеріндегі рөлдері арқылы танымал. Астероидтардың біріне өнер иесінің есімі берілген.