🧠15 ақпан – Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні. Жыл сайын ғаламшарда шамамен 200 мыңға жуық нәресте қатерлі ісікке шалдығып, олардың 50%-ы қайтыс болады. Бұл күннің басты мақсаты – педиатрлар мен медицина саласының мамандарын, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілігі жоғары азаматтарды балалар онкологиясындағы жетістіктер мен проблемалар туралы кеңінен ақпараттандыру. Балалар онкологиялық ауруларына қарсы күрестің белгісі – алтын түсті лента. Ол әр баланың баға жетпес құндылығын білдіреді және қоғамды ауыр дертпен күресіп жүрген кішкентай батырларды ұмытпауға үндейді.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
🪖Бүгін — Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күні. 1989 жылы 15 ақпанда 40-шы Кеңес әскері мен оған бекітілген бөлімдер Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағынан толық шығарылды. Он жылға созылған қақтығыс кезінде 500 мыңнан астам Кеңес Одағының азаматы Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеді, олардың 22 269-ы – қазақстандықтар. Соғыстан 15 мың жауынгер оралмады, оның ішінде Қазақстан 889 азаматынан айырылды.
Ауғанстанда қызмет еткен таныстарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🗣2014 жылдың 15 ақпанында мәнерлеп сырғанаушы — Денис Тен Сочиде өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы Олимпиада медалін салды. Оның мәнерлеп сырғанаудан қола жүлдесі бар. Сонымен қатар Денис әлемнің вице-чемпионы атанып, төрт құрлық чемпионатында және басқа да ірі турнирлерде жеңіске жетті. Оны 2018 жылдың 19 шілдесінде туған жері Алматыда автокөлік әйнегінің ұрыларының қолынан қаза тапты.
👥15 ақпан — қазақтың көрнекті тұлғаларының туған күні. 111 жыл бұрын қазақтың тұңғыш кинорежиссері Шәкен Айманов (1914-1970) дүниеге келді. Ол режиссер ретінде ғана емес, театр мен кино сахнасында актер ретінде де танымал болды. Оның туындылары адамдарға үміт пен сүйіспеншілік сыйлап, армандау мен бақытты болуға көмектесті. 1984 жылы «Қазақфильм» киностудиясына оның есімі берілді. Сонымен қатар 110 жыл бұрын қазақтың тұңғыш тарих ғылымының докторы Ермұхан Бекмаханов (1915-1966) дүниеге келді. 1952 жылы ол «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты еңбегі үшін қамауға алынды. Бұл зерттеуде ол Кенесары хан бастаған көтерілісті қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы деп атады. Алайда тарихшылар Е. Тарле, Яковлев, С. Бушуев аталған еңбекті «Ресейге қарсы ұлттық көтерілісті дәріптейтін» еңбек деп бағалады. Сөйтіп ол 25 жыл бас бостандығынан айырылады. Сталин қайтыс болғаннан кейін Бекмаханов ақталып, бостандыққа шықты. Сондай-ақ ол қазақтардың мәдениеті мен өнерінің тарихына арналған еңбектердің, Қазақстан тарихы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Шәкен Аймановтың қай фильмі сізге ұнайды?