«Үйде жатпа» күнтізбесі. 15 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 15 июля, 2023


👏15 шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік жастар дағдылары күні аталып өтеді. Әлем бойынша жастар арасындағы жұмыссыздықтың өсуі алаңдататын жағдай. Бүгінде жұмыссыз жүрген 70 миллионнан астам қыздар мен жігіттер бар. Бұл еңбекке жарамды халықтың басым бөлігі. Жастық — өмірдегі ең белсенді кезең. Яғни, мансап пен отбасының құрылатын уақыты. Қазіргі жағдайда жастар еңбек нарығында сұранысқа ие болу үшін қосымша дағдылар мен мамандықтарды игеруі қажет.

 

Біздің арнаны оқыңыз, дамыңыз және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болыңыз!

🎨15 маусым суретшілер көмірмен сурет салу күнін атап өтеді. Жартастағы кескіндеме алғашқы адамдар арасында отпен бір мезгілде пайда болды. Бастапқыда аңшылық пен күнделікті көріністерді бейнелеу үшін көмір пайдаланылды. Себебі көмір кез келген бетке оңай сіңіп, өшіруге де ығайлы болды. Графит қарындаштары пайда болғанға дейін суретшілер қолданған құрал —  бүгінгі күні кескіндеменің кең таралған әдістерінің бірі болып келеді.

 

Егер таныстарыңыздың арасында суретшілер болса, оларды осы мерекемен құттықтап қойыңыз! 

🫣107 жыл бұрын әлемдегі ең ірі авиация, ғарыш және әскери техника өндірушілердің бірі — американдық The Boeing Company корпорациясы құрылды. Әңгіме 1916 жылы Уильям Боинг өзінің әріптес инженері Джордж Вестервельтпен бірге өзінің алғашқы ұшағын әзірлеп, әуеге шығарған кезде басталды. Қазір Boeing-те 142 000 адам жұмыс істейді. Компанияның құны 112 миллиард долларды құрайды. Сонымен қатар олар Айға ұшатын ғарыш аппаратының прототипін жасауға кірісті.

 

Сізге қай ұшақ ұнайды: Boeing немесе Airbus? 

👥15 шілде екі атақты актердің туған күні. Бүгін Оскар, Алтын глобус, BAFTA және Эмми сыйлықтарының иегері Форест Уитакер 62 жасын атап өтеді. Ол мансап жолында 70-тен астам фильмде ойнады. Сонымен қатар бүгін неміс актрисасы әрі модель Дайан Крюгер 47 жасқа толды. Канн кинофестивалінің бас жүлдесін иеленген өнер иесә 40-тан астам фильмдегі рөлімен танымал.

 

Сізге кімнің жанкүйерісіз: Форест Уитакер немесе Диана Крюгер?