🗣16 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық отбасылық ақша аударымы күні аталып өтеді. Әлемде отбасының қамымен басқа елде жұмыс істеп, бас сауғалап жүрген еңбек мигранттарының саны 200 миллионнан асады. Олар ай сайын шамамен 200–300 доллар көлемінде ақша аударып отырады. Бұл өз кезегінде жаһандық деңгейде орасан қаржы ағынын құрайды. 2024 жылы Қазақстанға шетелден 236,8 миллиард теңге аударылған. Ақша аударымдарының басым бөлігі Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Оңтүстік Корея мен Түркиядан келген. Ал Қазақстаннан сырт елдерге 1,05 триллион теңге жөнелтілген. Негізінен қаражат Өзбекстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан мен Грузияға жіберілген.
Сіз ақша аудару жүйесін пайдаланасыз ба?
👀16 маусымда жануарларды қорғаушылар Дүниежүзілік теңіз тасбақалары күнін атап өтеді. Су астында тынысын бес сағатқа дейін тоқтата алатын бұл ғажап тіршілік иелері орта есеппен 100 жыл өмір сүреді. Көптеген тасбақа медузалармен қоректеніп, олардың санын реттеуге көмектеседі. Сондай-ақ олар Жердің магнит өрісін сезіне алады және оны компас секілді пайдаланады. Бұл күн – адам әрекетінен жойылып бара жатқан теңіз тасбақаларының мәселесіне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Өткен ғасырда олардың саны 80 пайызға азайған.
Сіз осындай экологиялық даталарды қолдайсыз ба?
💪Сонымен қатар бүгін — тарихи сәйкестіктер күні. 1903 жылы дәл осы күні АҚШ-тың Детройт қаласында Генри Форд Ford Motor Company компаниясының негізін қалады. Ол бизнесін дамыту үшін бар болғаны 28 000 доллар алған. Ford – әлемде алғаш болып автокөлік құрастыруда конвейер жүйесін енгізген компания ретінде тарихта қалды. Сол күні Pepsi-Cola сауда белгісі де тіркелді. Бұл сусын алғаш рет 1893 жылы дәріхана иесі Калеб Брэдхэм ойлап тапқан «Брэдтың сусыны» деген атпен сатылған. Кейін 1898 жылы ол «Pepsi-Cola» деп аталды. «Пепсис» сөзі грек тілінен аударғанда «ас қорыту» дегенді білдіреді. Алғашқыда бұл сусын асқазан ауруына қарсы дәрі ретінде ұсынылған.1961 жылы оның атауы қысқартылып, тек «Pepsi» деген атпен қалды. Қазір бұл бренд – Coca Cola-ның басты бәсекелесі.
Сізге қай сусын ұнайды: Pepsi немесе Coca Cola?
👥Бүгін — танымал қос тұлғаның туған күні. 89 жыл бұрын Қазақстандағы геологиялық барлау ісінің негізін қалаушы Орал Ақшолақов (1936-2023) дүниеге келді. Ол Қазақстан мұнай энциклопедиясының және 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Сонымен қатар еліміздегі бірқатар мұнай-газ кен орындарының алғаш ашылуына тікелей үлес қосқан көрнекті геолог. Бүгін 350 фильмге түскен үнді актері Митхун Чакраборти 75 жас мерейтойын атап өтеді. Өнер иесі көпшілікке “Дискотека” және “Би” музыкалық мелодрамаларындағы рөлімен танымал. Оның “Джими-Джими Ача-Ача” әні 80-ші жылдары супер хит болды және бүгінгі күнге дейін көптеген жерде дәстүрлі ойын түрінде ойнатылады. Ол Алматыда “Азия дауысы” фестиваліне қонақ ретінде шақырылып, өнер көрсетті.
Митхун Чакрабортидің қай фильмдерін тамашаладыңыз?