«Үйде жатпа» күнтізбесі. 16 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 16 марта, 2024


🤩16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Аталмыш күні қазақтың мәдениеті, өнері мен ұлттық құндылықтары кеңінен насихатталады.

👤Бүгін — Республикалық  Ұлан гвардиясының құрылған күні. 1992 жылы 16 наурызда құрылған құрама Қазақстан әскерінің ең сенімді әрі мықты бөлімі. Олар мемлекет басшысының және жоғары билік органдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар салтанатты рәсімдерге қатысады. ҚР Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын қарауыл сапында тұрады, ерекше маңызды объектілерді күзетеді әрі төтенше жағдайларға қатысады. Гвардияға қабылданатын үміткерлер алдын ала таңдалады. Міндетті талаптардың қатарында – бойы 178 сантиметрден кем емес және орта білімді болуы шарт. Әскерге шақырылған азаматтың отбасы толық болуы керек. 

Егер Республикалық ұланда қызмет ететін таныстарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!

 

✍️16 наурыз сурет салуды ұнататындар түрлі-түсті қарындаш күнін атап өтеді. Графит негіздегі қарындаштар ХVII ғасырда, ал түрлі-түсті қарындаштар кейінірек пайда болды. Бастапқыда олар нысандарды белгілеу үшін утилитарлық мақсатта пайдаланылды. Ал ХХ ғасырдың басында түрлі-түсті қарындаштар көркем шығармашылық үшін таптырмас құрал болды. Бүгінде балаларға арналған сурет сабақтары, арт-терапия мен ересектерге арналған психологиялық оңалту курстары осы қарындаштар көмегімен жүзеге асады.

Егер таныстарыңыздың арасында суретшілер бар болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз! 🎨

👁Бүгін әйелдер қауымы тушь күнін атап өтеді. 1917 жылы 16 наурызда Maybelline компаниясы жаңа косметикалық өнім ретінде тушьты ойлап табады. Осылайша компанияның негізін қалаушы, Нью-Йорк фармацевті Т.Л. Уильямс компаниясына кіші әпкесі Мэйбельдің есімін береді. Себебі ол кірпіктеріне вазелин мен көмір шаңының қоспасынан жасалған қоюды жаға отырып, сіңілін тушь жасауға шабыттандырған болатын. 

 

Сізге қандай тушь ұнайды?👀


📚1831 жылы 16 наурызда Парижде Виктор Гюгоның “Собор Парижской Богоматери» романы жарық көрді. Бұл француз тіліндегі алғашқы тарихи роман әрі француз романтизмінің ең әйгілі шығармасы болды. Бүгінде Квазимодо мен Эсмеральданың хикаясы бүкіл әлемге танылды. Тіпті олар туралы фильмдер түсіріліп, пьесалар қойылып, әндер шырқалуда. 

Аталмыш романды оқыдыңыз ба? Таңғажайып оқиғаны сіз де білесіз деген үміттеміз.