«Үйде жатпа» күнтізбесі. 18 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 18 марта, 2024


👀18 наурыз – Ұлттық киім күні. Бүгін қазақтың ұлттық киімдерін насихаттауға арналған түрлі іс-шараларды өткізу ұсынылып отыр.

🚀1965 жылы 18 наурызда адамзат алғаш рет ғарышқа ұшты. Ұшқыш-ғарышкер Алексей Леонов «Восхода-2» ғарыш кемесі сыртында 12 минут 9 секунд болды. Борттық телевизиялық жүйенің көмегімен адамның ғарыш кеңістігіне шығу процесі, ғарыш кемесінен тыс жұмысы, ғарыш кемесіне қайта оралуы жердегі станциялар желісі арқылы бақыланып отырды.

 

Қазақ ғарышкерлерінің қайсысы ашық ғарыш кеңістігіне шықты?🚀

 

 

🐎1662 жылы 18 наурызда әлемдегі тұңғыш қоғамдық көлік қызметі Парижде іске қосылды. Алғашқыда олар сегіз орындығы бар ат арба болып жасалды. Оны «омнибус» деп атады. Бұл «барлығы үшін» деген мағынаны білдіреді. Иә, бүгінде қоғамдық көліксіз адам өмірін елестету мүмкін емес. Өйткені жеке көлік сатып алып, онымен жүруге әркімнің қалтасы көтере бермейді. Сол себепті осы идеяны ойлап тапқан әйгілі француз ғалымы — Блез Паскаль дүниежүзіндегі халық тарапынан үлкен құрметке лайық. 

 

Қоғамдық көлікті жиі пайдаланасыз ба?🚕

🏵Бүгін тағы бір қызықты күн түс көру кезіндегі тылсым дүниелер күні аталып өтеді. Эзотериктердің айтуынша, түнде адамның жаны денеден шығып, астральды әлемге жол тартады. Сондықтан түсінде бұрын-соңды болмаған шытырман оқиғаларды бастан кешіріп жатады. Сонымен қатар көптен бері жауапсыз сұрақтарының шешімін тауып, болашақтағы оқиғаларды алдын ала көруі мүмкін. Алайда түс жору бойынша жазылған ақпараттарға түбегейлі сеніп кетуге де болмайды. Өйткені түс жору — кітапта жазылған ақпараттарға, адамның жеке басына, оның өмірлік тәжірибесі мен көңіл күйіне байланысты екенін есіңізден шығармаңыз. 

Ал сіз көрген түстердің мағынасына сенесіз бе? 💫

👥18 наурыз өмірге келген танымал тұлғалар. Бүгін сатирик, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Толымбек Әлімбекұлы 70 жасқа толды. Ол «Лам-мим» әңгімелер жинағының және «Қарлығаш», «Алтыбақан», «Күлеміз-ау», «Тамаша», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «О несі-ей» сынды сатиралық шығармалардың авторы. Сондай-ақ бүгін француз режиссері, сценарист, продюсер әрі жазушы — Люк Бессон 65 жасқа толды. Ол «Еуропалық Голливуд» деп аталатын «EuropaCorp» кинокорпорациясының негізін қалаушы. Өнер иесі 100-ден астам фильм түсірді. Олардың көпшілігі блокбастерге айналды. Оның арқасында Жан Рено, Мила Йовович, Натали Портман, Джейсон Стэтхэм және басқа да көптеген актерлер өз таланттарын көрсете білді.

 

Люк Бессонның қай фильмі ұнайды❓