«Үйде жатпа» күнтізбесі. 18 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 18 Сәуір, 2023


📚3 жыл бұрын – Халықаралық Түркі академиясы көпшілікке ғылыми еңбектерін тегін оқуға рұқсат берді. Онлайн кітаптар қазақ, түрік, әзірбайжан, ағылшын, қырғыз, орыс, моңғол және басқа да туысқан халықтар тілінде жарыққа шықты. Олардың мазмұны түркі әлемінің тарихына, бай әдеби мұрасына, тарихи жазба ескерткіштері мен түркі тілдеріне қатысты зерттеулерге негізделген. Сонымен қатар еңбекте туысқан елдердің этнографиясы, фольклоры мен салт-дәстүрі қамтылған.

Кітаптарды мына сілтемеге өту арқылы таңдай аласыз: https://twesco.org/books

🐾18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл күннің мақсаты – әлемдік мәдени мұраны қорғау мен сақтауға қоғам назарын аудару. Қазіргі таңда “Мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі” дүниежүзілік конвенцияға 175 мемлекет мүше. Ал 122 елде Дүниежүзілік 754 мұра нысаны ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Оның бесеуі Қазақстанда орналасқан. Сонымен бірге осы тізімге Қазақстан аумағынан тағы 14 нысан енгізілуі мүмкін. 

Ал сіз қазақтың қандай дүниежүзілік мұра ескерткіштерін білесіз?

🎖2013 жылдың 18 сәуірінде ғалым Сағымбек Алтайұлы «Өнертапқышты дамытуға қосқан үлесі үшін» Альфред Нобель медалімен марапатталды. Бұл медаль ұлттық экономикалық маңызы зор өнертабысты ойлап тапқан ғалымдарға беріледі. Профессор 25-тен астам патент пен авторлық куәлікке ие. Сонымен қатар кітап жазып, студенттерге сабақ береді.

Оқырмандарымыздың арасында Сағымбек Алтайұлының шәкірттері болса, осы мерекесімен құттықтап қойыңыз! 

🎭 Сонымен қатар бүгін – Халықаралық жонглерлер күні. Бұл қызықты өнер түрі бірнеше мың жылдар бойы танымалдылығын жоғалтпай келеді. Ауаға ұшыратын шарлар, табақтар мен сақиналар – ең қызықты әрі ең танымал цирк нөмірлерінің бірі. Шеберлікті шыңдау арнайы жағдайды қажет етпейді. Осы сала маманы мұны кез келген жерде орындай алады. 

Сіз жонглерлікті үйренуге тырысып көрдіңіз бе?