«Үйде жатпа» күнтізбесі. 18 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 18 августа, 2024


🤝Тамыз айының әр үшінші жексенбісі Қазақстанда спорт күні аталып өтеді. Бұл мереке — өмірін спортпен байланыстырған спортшылар, жаттықтырушылар, балалар мен жасөспірімдер үшін ерекше. Әсіресе, елімізде танымал спорт түрлері бокс, күрес, ауыр атлетика және жеңіл атлетика, хоккей, велоспорт және т.б.

Сіз спорттың қай түрімен айналысасыз?


18 тамыз – Қазақстанның шекарашылар күні. Еліміздегі шекара әскерлерінің штабы қазіргі заманғы нысанда Алматы қаласында орналасқан. Олар Шығыс шекара округінің әскери қызметшілерінен жасақталды. Қазақстанның шекара қызметі құрылған алғашқы жылдары басқарушы кадрлардың тапшылығын бастан өткерді. Бірақ қазір шекара әскерлеріндегі кадр тапшылығы мәселесі шешілді. Барлық қажетті мамандар республиканың өзінде дайындалады.

Егер таныс шекарашыларды білсеңіз, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

👀18 тамызда “Ешқашан кері шегінбе” деген ұранмен мотивациялық күн аталып өтеді. Кейде өмірде мақсатқа жету үшін істеліп жатқан барлық жұмыс пен күш-жігер бекер болып көрінетін жағдайлар болады. Өзіне сенімді, ішкі тірегі бар адам ешбір жағдайдың қысымына мойымайды және алға қойған міндеттерден бас тартпайды. Кез келген мәселе мінезін қатайтынын түсінетін адамдар төзімділікпен, шыдамдылықпен ерекшеленеді.

Біздің бейнежазбада мотивацияңызды оятуға арналған қарапайым кеңестер берілген: https://youtube.com/shorts/iEB85Yh_JuU?feature=share


👥18 тамыз — атақты екі актердің туған күні. Бүгін америкалық актер, кинорежиссер, продюсер және бизнесмен Роберт Редфорд 88 жасқа толды. Ол әлемдік кинематография тарихындағы дебюттік фильмі үшін Оскар алған алты режиссердің бірі. Көпшілікке “Шпионские игры” және “Непристойное предложение” фильмдеріндегі рөлі арқылы жақсы таныс. Сондай-ақ 72 жыл бұрын американдық актер, биші, әнші және ән жазушы Патрик Суэйзи (1952-2009) дүниеге келді. Өнер иесі үш мәрте “Алтын глобус” сыйлығына үміткер болды. Ол “Грязные танцы”, “Привидение” және “На гребне волны” фильмдеріндегі рөлімен танымал.

Сізге қай актер ұнайды: Роберт Редфорд немесе Патрик Суэйзе?