«Үйде жатпа» күнтізбесі. 2 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 02 ноября, 2023


🫣2 қараша – БҰҰ бастамасымен журналистерге қарсы қылмыстың жазасыз қалуына тойтарыс беру күні аталып өтеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, соңғы жылдаары әлемде мыңнан астам журналист қаза тапқан. Бірақ кінәлілердің тек 10% — ы жазасын алған. Ал қалған 90% — ы еркіндікте жүр. Бұл күн кәсіби міндетін атқарып, қайтыс болған журналистерге арналған. Әлемдегі қазіргі жағдайларды ескере отырып аталмыш күннің маңыздылығы жоғары екенін атап өту керек.

 

👏Қараша айының бірінші бейсенбісінде халықаралық жоба менеджері күні аталып өтеді. Кез келген идеяның жүзеге асуы үшін топта бір ойлы адамдардың болуы маңызды. Ал әр процесс уақытында орындалып, жауапкершілікпен аяқталуы үшін қатаң бақылау қажет. Бұл — жоба менеджерінің негізгі міндеті. Егер команданың әр мүшесі тек жеке тапсырмаға жауапты болса, жоба менеджері адам барлығы үшін жауапкершілік алады. Сондықтан ол жоғары деңгейдегі басшыға жатады. Аталмыш мамандық әлемде үлкен сұранысқа ие. Қазақстанда тіпті жоба менеджерлерінің одағы бар.

👀2 қараша бұлыңғыр көздер күні аталып өтеді. Көздің ақ қабығының бұлыңғырлануы көптеген аурудың симптомы екенін ескеру қажет. Мұның ең жеңіл жағдайы телефонға ұзақ қарап, ұйқы қанбағаннан туындайды. Ал асқынған түріне көз ішіндегі қысымның салдары жатады. Кейде адамның бұлыңғыр көз синдромы темекі шегу немесе шамадан тыс тамақтану сияқты жаман әдеттерге байланысты өршиді. Бұл аурудың нақты себептерін тек офтальмолог анықтай алады. 

 

Деніңіз сау болсын және кез келген аурудың алдын алыңыз!

 

👥2 қараша өмірге келген танымал тұлғалар. 182 жыл бұрын қазақ балалары үшін оқу жүйесін құрған көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) дүниеге келді. Ол екі сыныптан тұратын төрт орталық училищені, қолөнер училищесін, Қазақстандағы алғашқы әйелдер училищесін және бес болыстық мектепті ашты. Қазақ әдебиетіндегі ертегі жанрының негізін қалаушы әдеби тіліміздің қалыптасуына ықпал етті. Оның есімі қазақ халқының ұлттық мақтанышын құрайтын бірқатар тарихи қайраткерлердің ішінде үлкен құрметке ие. Сондай-ақ біздің дәуірімізге дейінгі 69 жылы Птолемей әулетінен шыққан Египеттің соңғы патшайымы Клеопатра дүниеге келді. Ол Египетті күйеулерімен бірге 22 жыл басқарды. Клеопатра римдіктер жаулап алғанға дейін елдің тәуелсіз патшайымы болды. Ол әлемдік тарихта аңызға айналған тұлға ретінде өз биігін қалыптастарды. Патшайым қарапайым болмысына қарамастан, көптеген мүсіншілерді, суретшілер мен режиссерлерді шабыттандырды.

 

Алтынсариннің қандай шығармасын оқыдыңыз?