«Үйде жатпа» күнтізбесі. 2 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 02 сентября, 2023


✍️1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония капитуляция туралы құжатқа қол қойды. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстың ресми аяқталу күні болды. Германия жеңілгенін мойындаса да, Жапония соңына дейін соғыс жүргізуді көздеді. Кеңес әскерлері Манчжурияны азат етіп, АҚШ Хиросима мен Нагасаки қалаларына ядролық бомба тастағаннан кейін Жапония капитуляция туралы шешім қабылдады. Бір қызығы, соңғы жапон сарбазы 1974 жылы ғана тұтқынға алынды.

🧉2 қыркүйек — Дүниежүзілік кокос күні. Оны жаңғаққа да, жеміске де, жидекке де жатқызуға болмайды. Ал биологтар оны сүйек деп атайды. Мерекенің басты мақсаты — кокос жаңғағының маңыздылығын айтып, оның кедейшілікпен күресу құралы бола алатыны туралы хабардар ету. Кокос ұлпасы — қоректік өнім. Мысалы, ол күшті қалпына келтіріп, бұлшықет жұмысын жақсартады. В дәрумені, пантенді және фолий қышқылдары метаболизм процестерінде, иммундық және жүйке жүйе жұмысында маңызды рөл атқарады. Кокос жаңғағы да калий, магний және йодқа бай.

Сізге кокос ұнай ма?

👥2 қыркүйек — танымал екі қазақтың туған күні. 91 жыл бұрын театр және кино режиссері, педагог Әзербайжан Мәмбетов (1932-2009) дүниеге келді. Ол 50-ден астам спектакль қойып, 5 фильм түсірді. 1973 жылы Ирандағы Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің Халықаралық театр фестивалінде оның «Ана — Жер-Ана» спектаклі, ал 1984 жылы Франциядағы «Ұлттар театры» халықаралық фестивалінде «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» қойылымы көрсетілді. Сондай – ақ 86 жыл бұрын опера әншісі және педагог Мұрат Мұсабаев (1937-1993) дүниеге келді. Тарғын, Семен – Брусиловскийдің «Ер Тарғын» және «Дударай», Жанбота – Төлебаевтың «Біржан — Сара», Абай – Жұбанов пен Хамидидің аттас операсын және т.б орындады. Оның репертуарында – қазақ, орыс және шетелдік композиторлардың әндері мен романстары бар.

🎬2 қыркүйек — екі танымал актердің туған күні. Бүгін канадалық актер, режиссер, продюсер және музыкант Киану Ривз 59 жасқа толды. Ол «Матрица» және «Джон Уик» фильмдеріндегі рөлімен танымал. Кино тарихындағы ең көп жалақы алатын актерлердің бірі. Сондай-ақ бүгін мексикалық актриса, кинорежиссер және продюсер Сальма Хайек 57 жасын атап өтеді. Актерлік мансабында Хайек 30-дан астам фильмде ойнады. Соның ішінде «От заката до рассвета», «Бандитки», «Телохранитель киллера» фильмдерін атап өтуге болады. Ол «Үздік актриса» жүлдесіне ие болған — алғашқы мексикалық әйел.

Сізге қай өнер иесі ұнайды: Сальма Хайек немесе Киану Ривз?