«Үйде жатпа» күнтізбесі. 22 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 22 октября, 2023


🌔22 қазан – Халықаралық кекештену күні. Дәрігерлер бұл аурудың пайда болуы мен дамуының себебі генетикалық ақаулардан адам өмірінің психоэмоционалды құрамдас бөлігіне дейін әсер ететін мәселелер кешені деп санайды. Деректерге сүйенсек, әлем халқының шамамен 1%-ы кекештенеді.  Алайда аталмыш ауру олардың әдемі сөйлеуіне, танымал болуына, тіпті өз саласында жетістікке жетуіне кедергі келтірген жоқ. Олардың ішінде: Демосфен, Исаак Ньютон, Уинстон Черчилль, Мэрилин Монро, Брюс Уиллис.

🏹22 қазан — Халықаралық ерлер жүйке жүйесін әйел тарапынан болатын зорлық-зомбылықтан қорғау күні. Көбіне ер адамдар жұбайының наразылығы мен шағымдарының көп болатынын айтып, жанжал шығаратынын жеткізеді. Ғалымдар психологиялық агрессия физикалық зорлық-зомбылықтан да жоғары жарақат алатынын атап өтті. Үнемі қорлық көрсету ер адамды тек күйзеліске ұшыратады. Бұл олардың жігерін мұқалтып қана қоймай, бойындағы кемшіліктерінің артуына әсер етеді.

 

Әйелдер қауымы ер адамдарыңызға қамқор болыңыздар!

📣Қазан айының төртінші жексенбісінде ер адамдар халықаралық қайын енелер күнін атап өтеді. Бұл бейресми оқиға АҚШ-та 1934 жылдан бастап тойлана бастады. Араға ұзақ уақыт салмай аталмыш мерекені әлемнің көптеген елі ерекше қуанышпен қарсы алатын болды. Бүгін ер-азаматтар қайын енелеріне мақтау сөздерін айтып, сыйлықтарын табыстай алады. Себебі ол сіздің жарыңызды әлпештеп өсірген, қала берді оны тамаша үй шаруасындағы әйел, адал жар, қамқор ана болуға үйреткен нағыз әйел екенін ұмытпаңыз. 

Барлық қайын енелерді бүгінгі мерекемен құттықтаймыз!

✏️22 қазан екі шығармашылық адамның туған күні. 99 жыл бұрын Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924-2022) дүниеге келді. Оның «Қан мен тер» трилогиясы және басқа да шығармалары қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосып, отыз шет тіліне аударылды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ол қазақ ПЕН-клубын ұйымдастырып, оның президенті болып тағайындалды. Сондай — ақ бүгін француз актрисасы әрі әншісі Катрин Денев 80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол 1957 жылы алғаш рет кино экрандарда пайда болып, 90 фильмге түсті. Бүкіл әлем бойынша көрермендердің сүйіктісі 40-тан астам беделді марапаттарға ие болды. Соның ішінде Венеция кинофестивалінде кинематографқа қосқан үлесі үшін “Алтын арыстан» құрметіне ие болды.