💡Қыркүйектің соңғы жексенбісі еңбек күні аталып өтеді. Мереке қоғамдағы еңбек адамының беделін арттыруға, өнімді еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және жұмысшы әулеттердің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға арналған. Еңбек күні мерекесіне орай жоғары нәтижелерге қол жеткізген және көпжылдық еңбек өтілі бар мамандарға “Еңбек Ардагері” құрмет медалі беріледі. Сонымен қатар бүгінде өндірістерде жас мамандардың конкурстары, мерекелік концерттер және басқа да салтанатты іс-шаралар өткізіледі.
Өндірісте жұмыс істейтін барлық оқырманымызды осы айтулы күнмен құттықтаймыз!
🚗Сондай-ақ қыркүйектің соңғы жексенбісінде машина жасаушылар күні аталып өтеді. Машина жасау кез келген дамыған ел экономикасының негізгі саласы, индустрияның өзегі және өндірістік-интеллектуалдық әлеуеті. Бүгінгі таңда Қазақстанда жеңіл автомобильдердің, автобустардың, жүк көліктерінің және арнайы техниканың 21 маркасын шығаратын 8 автомобиль құрастыру зауыты жұмыс істейді. Отандық өндірісті қолдау үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңа көліктерге жылдық 4 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі.
Сізге Made in Qazaqstan автокөліктері ұнай ма?
🌚24 қыркүйек — Халықаралық керуеншілер күні. Ежелгі заманнан бері адамдар тауар айырбастауға мұқтаж болды. Осылайша базарлар мен сауда жолдары пайда болды. Ең танымал бағыт – бір бөлігі Қазақстан аумағы арқылы өткен Ұлы Жібек жолы болды. Бір нұсқа бойынша бұл мереке Хижраның аяқталуына орайластырылғаны айтылады. Яғни, Мұхаммед пайғамбардың және алғашқы мұсылмандардың Меккеден Мәдинаға қоныс аударуының құрметіне арналған. Ал басқа нұсқа бойынша, 24 қыркүйек — Жапония жағалауына бірінші жеткен еуропалық атақты британдық теңіз саяхатшысы Уильям Адамстың (1564-1620) құрметіне арналған деп есептеледі.
Сізге қай нұсқа ұнайды?
🎬24 қркүйек өмірін киномен байланыстырған екі адамның туған күні. Бүгін қазақ актрисасы Наталья Орынбасарова 77 жасқа толды. Ол көпшілікке Шыңғыс Айтматовтың романы желісінде түсірілген «Бірінші мұғалім» фильміндегі басты рөлімен танымал болды. Мұны болашақ күйеуі Андрей Кончаловский түсірген еді. Осы рөлі үшін Наталия Голливуд жұлдызы Джейн Фонданы жеңіп, 1966 жылы Венецияның «Вольпи алтын кубогы» кинофестивалінің «Үздік актриса» сыйлығын жеңіп алды. Өнер иесі қала берді «Транссібір экспрессі», «Мұстафа Шоқай» және «А» — ға оралу»атты алғашқы қазақ 3D-фильмінде ойнады. Сондай-ақ бүгін американдық кино және анимация режиссері, сценарист Брэд Берд 66 жылдығын атап өтеді. «Суперсемейка» (2004), «Рататуй» (2007) және «Суперсемейка 2» (2018) мультфильмдеріндегі жұмысымен танымал. Режиссер екі мәрте «Оскар» сыйлығын иеленді.
Сізге қай мультфильм ұнайды?