🤩Бүгін — Халықаралық жоғалып кеткен балалар күні. Иә, қандай да бір отбасы мүшесінің із-түссіз жоғалуы — жақындары үшін қайғылы жағдай. Соның ішінде баланың ғайып болуы — ең үлкен қасірет. 1979 жылы 25 мамырда алты жасар америкалық мектеп оқушысы Эвиан Пэйтес үйіне қайтар жолда жоғалып кетті. Оны табу мүмкін болмады. 4 жыл өткеннен кейін Америка Құрама Штаттарының Президенті бұл күнді 1997 жылдан бастап халықаралық деңгейде атап өтуді ұсынады. Осылайша “25 мамыр — жоғалған балалардың ұлттық күні” деп жарияланды. Әлемде миллиондаған бала белгісіз себеппен жоғалып жатыр. Өкініштісі, жыл сайын олардың саны артып келеді. Іздеу статистикасы бойынша Қазақстанда жыл сайын 250-ге жуық бала жоғалады екен.
Өзіңізге және балаларыңызға абай болыңыз!
😻Мамыр айының соңғы жексенбісінде — Қазақстан химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Химиялық білімді дұрыс әрі тиімді пайдалану — адамзатқа бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі. Атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігі, энергия тапшылығы мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау осы саланың жетістіктерімен тығыз байланысты. Бұл кәсіби мереке – технологтар мен инженерлерді, экологтар мен ғалымдарды, зерттеушілер мен фармацевтерді, радиохимиктерді, жалпы, бар өмірін химия мен химия өнеркәсібіне арнаған жандарды біріктіретін ерекше күн.
Егер айналаңызда химия саласында еңбек етіп жүрген таныстарыңыз болса – мерекемен құттықтауды ұмытпаңыз!
👀25 мамыр — Дүниежүзілік қалқанша безі күні. Бұл мүше гормоналды тепе-теңдікті сақтап, зат алмасуды реттейді. Сонымен қатар жүйке жасушаларының қалыптасуына қатысады. Бүгінде жер бетіндегі халықтың 10 пайыздан астамы қалқанша безі ауруларына шалдыққан, бірақ көпшілігі бұл туралы тіпті білмейді де. Бұл аурулардың басым бөлігі ағзадағы йод жетіспеушігімен тікелей байланысты. Сондықтан күнделікті өмірде белгілі бір мөлшерде йодты (150-200 мг) қабылдау арқылы аталған аурудан алдын алуға болады.
Дұрыс тамақтаныңыз, белсенді өмір салтын ұстаныңыз және деніңіз сау болсын!
👥25 мамырда өмірге келген атақты тұлғалар. Бүгін ирландиялық актер Киллиан Мерфи 49 жасқа толды. Мансап жолында ол 50-ден астам фильмде ойнады. Оның ішінде “Оппенгеймер”, “Острые козырьки”, “Темный рыцарь” және “Начало” фильмдерін ерекше атап өтуге болады. Өнер иесі көптеген кәсіби марапаттың иегері. Сонымен қатар бүгін қазақ әншісі Луина да 38 жасқа қадам басты. Луина Каринбаеваның мансабы 2010 жылы X Factor музыкалық таланттар байқауынан басталды. Содан бері ол көптеген кәсіби марапаттарға ие болып, ал бейнебаяндары миллиондаған қаралым жинап келеді. People Awards 2019 жүлдесіне сай, ол “ең көрікті әнші” атанды.
Луинаның қай әні ұнайды?