«Үйде жатпа» күнтізбесі. 25 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 25 июня, 2025


✔️109 жыл бұрын Қазақстанда Ресей патшалығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Оған 1916 жылғы 25 маусымдағы “Қазақтардың тыл жұмыстарына реквизициялау туралы” патша жарлығы себеп болды. Аталған жарлыққа сәйкес, Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адамды майданның тыл жұмыстарына жіберу жоспарланған еді. Ең ірі әрі ұйымдасқан көтеріліс Торғай өңірінде өтті. Ол Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін толық қамтыды. Оны халық батыры Амангелді Иманов басқарды. 1916 жылғы қозғалыс Кенесары хан басқарған ұлт-азаттық соғыстан кейін алғаш рет бүкіл қазақ даласын қамтыған қозғалыс болды.

🙌25 маусым – Халықаралық теңізшілер күні. Олар — жаһандық экономиканың алға жылжуына сүбелі үлес қосып жүрген мамандар. Мамандардың айтуынша, теңіз арқылы жүк тасымалдау — ең арзан әрі тиімді жол. Бүгінде әлемдік сауданың 80%-дан астамы дәл осы теңіз арқылы жүзеге асады. Бұл салада шамамен 1,5 миллион теңізші еңбек етеді.

Казахстан теңізге тікелей шыға алмаса да, елдің батысында Каспий теңізіндегі сауда флотының әлеуеті артып келеді. Осы өңірдің маңызды көлік-логистикалық орталығы — Ақтау теңіз порты.

 

Егер таныс теңізшілеріңіз болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

 

👍Сондай-ақ бүгін тері пигментінің өзгеруінен пайда болатын витилиго дертіне қарсы күрес күні аталып өтеді. Бұл күн Майкл Джексонның өмірден өткен күнімен тұспа-тұс келеді. Оған 1986 жылы дәл осы диагноз қойылған. Витилиго — адамның терісінде ақ дақтардың пайда болуымен сипатталады. Оның нақты себебі әлі күнге дейін белгісіз. Өкінішке қарай, витилиго дертіне шалдыққандар көбінесе қоғам тарапынан түсініспеушілік пен кемсітушілікке ұшырайды. Дәрігерлер мұндай адамдардың ешкімнен кем еместігін, ал терідегі ерекшеліктердің — олардың табиғи болмысының бір бөлігі екенін түсіндіреді. Айта кетейік, бұл дертке шалдыққан жандардың қатарында әлемге әйгілі Майкл Джексонмен қатар, миллиардер Роман Абрамович пен АҚШ президенті Дональд Трамп та бар.

Егер таныстарыңыздың арасында осы аурумен ауыратын адамдар болса, оларға қолдау білдіріңіз!

👥25 маусым — қазақтың екі атақты адамының туған күні. 82 жыл бұрын театр және кино актері, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Владимир Толоконников (1943-2017) дүниеге келді. Өнер иесі бірінші қазақ телехикаясы “Махаббат бекеті” және “Собачьем сердце” фильміндегі Шариков рөлімен танымал. Актер 75 жасында фильм түсірілімінде жүріп, жүрек талмасынан көз жұмды. Сонымен қатар бүгін режиссер, продюсер, сценарист Тимур Бекмамбетов 64 жасқа толды. Атырау тумасы бірнеше мәрте Forbes журналының нұсқасы бойынша Ресейдегі ең табысты режиссерлер тізімінде бірінші орыннан көрінген. Ол Голливудта Анджелина Джоли, Морган Фриман және Бенедикт Камбербэтч ойнаған 9 фильм түсірді. Тимурдың айтуынша, ол Қазақстанға бір күн болса да келудің жолын табады.

 

Сізге Тимур Бекмамбетовтың қай фильмі ұнайды?


Читайте также