«Үйде жатпа» күнтізбесі. 26 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 26 октября, 2023


 

🤭26 қазан көңілді мерекелердің жағымды тосынсыйлар күні аталып өтеді. Бұл күннің дәстүрлері мерекенің атымен байланысты. Бүгінде өзге адамды еш себепсіз қуантып, оған әртүрлі тосынсый жасау қоғам арасында әдетке айналды. Философиялық ілімдер бойынша, жасаған жақсылық орындаушыға жүз есе қайтарылады. Жағымды істермен айналысып, көңіл-күйімізді көтере отырып, иммунитетімізді нығайтып, әл-ауқатымызды жақсартатынымыз, жүйке және қан тамырлары ауруларының қаупін азайтып, сергек жүру ғылыми түрде дәлелденген. 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

🎬2017 жылы 26 қазанда режиссер Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі Италиядағы «Religion Today» («Бүгінгі дін») халықаралық кинофестивалінде “Үздік көркем фильм” атанды. Тәуелсіз қазылар алқасы «Оралман» туындысын — Отанға деген шексіз махаббатты баяндайтын Орталық Азиядағы тарих туралы тамаша фильм екенін атап өтті. Осы марапатқа дейін «Оралман» фильмі Иранның және «Еуразия» халықаралық кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Дулыға Ақмолда Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалінде «Үздік ер адам рөлі» марапатын жеңіп алды.

 

Бұл фильмді көрдіңіз бе?

🍀2018 жылдың 26 қазанында Абай облысында «Тарбағатай» ұлттық паркі ашылды. Саябақтың аумағы 143 550,5 га, қорғаныс аймағы — 204 602 га. Саябақтың ерекшелігі — мұнда қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктердің 35-тен астам түрі бар. Сонымен қатар флораның 1640 түрі анықталды. Оның ішінде көптеген дәрілік өсімдіктерін атап өтуге болады. Саябақта балықтың 376 түрі (19 мемлекет қорғаған), бауырымен жорғалаушылардың 23 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, құстардың 272 түрі, сүтқоректілердің 60 түрі мекендейді. Олардың ішінде парктің қорғауында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың 40 түрі бар.

 

Егер оқырмандардың бірі осы саябақта болса, өз әсеріңізбен бөлісе отырыңыз.

👥26 қазан екі танымал саясаткердің туған күні. 119 жыл бұрын қазақ мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов (1904-1989) дүниеге келді. Жетекші лауазымдарда жұмыс істей отырып, ол ұлттық кадрларды даярлауға көп көңіл бөлді. Кейбір пікірлер бойынша, ол Назарбаевты өзінің шәкірті Қонаевқа ұсынған. Мемлекет қайраткері араб-қазақ, парсы-қазақ түсіндірме сөздіктерінің авторы. Сондай-ақ бүгін американдық саясаткер Хиллари Клинтон 76 жасқа толды. Ол 1993 жылдан 2001 жылға дейін АҚШ-тың бірінші ханымы. 2016 жылы сайлауда АҚШ президенттігіне республикашыл Дональд Трамптан жеңілген Демократиялық партиядан үміткер болды. 

 

Сізге кім ұнайды: Хиллари Клинтон немесе Дональд Трамп?