🍳29 мамыр Дүниежүзілік дұрыс ас қорыту күні аталып өтеді. Ас қорыту мәселесін жер бетіндегі әр адам басынан өткеруде. Сапасыз тағам яки бір тағамда тұтынылатын бірнеше өнім бір-біріне әсер етіп теріс химиялық немесе аллергиялық реакция әкелуі мүмкін. Бұл тек гастроэнтерологиялық ауруларға ғана емес, сонымен қатар қандағы, терідегі қиын мәселелерді тудырады.
Есіңізде болсын, дұрыс тамақтану — адам денсаулығы үшін өте маңызды.
🎗29 мамыр — БҰҰ бітімгершілік күштерінің халықаралық күні. «Көгілдір дулығалар» БҰҰ қамқорлығымен жер бетінің ыстық нүктесіндегі бітімгершіліктің сақталуын бақылайды. Бітімгерлердің қатарында тек әскерилер ғана емес, дәрігерлер, полицейлер, инженерлер, мұғалімдер және басқа да мамандықтардың өкілдері бар. Біздің «ҚазБат» бітімгершілік батальонымыз 2000 жылы құрылып, Ирактағы қызметімен танымал болып келеді. Қазақ сапының құрамында инженерлер мен сумен қамтамасыз ету тобы болды. Олардың белсенділігі және өмірлік ұстанымы үлкен жауапкершілікке ие.
“ҚазБатта” қызмет еткен таныстарыңыз болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🌱Бүгін тау әуесқойлары Халықаралық Эверест күнін атап өтеді. 1953 жылы 29 мамырда Жердің «үшінші полюсі» немесе екінші атауы тибеттіктер айтқандай, “Джомолунгма” алғаш рет бағындырылды. Әлемдегі ең биік шыңға көтерілу адамдар үшін оңайға соқпады. Қаншама сәтсіз әрекеттер түбі жақсы нәтижесін берді. Себебі Жаңа зеландиялық Эдмунд Хиллари мен Тенцинг Норгей шыңды алғаш рет бағындырып, нағыз қаһарманға айналды. Ал 1982 жылы «Әлем шыңына» шыққан тұңғыш қазақ – Қазбек Валиев. Содан соң 2011 жылы Мақсұт Жұмаев «Quest-14»-тің 27-ші мүшесі бола отырып, әлемнің ең биік 14 шыңын бағындырған алғашқы қазақ атанды.
Ал сіз қай таудың шыңын бағындырдыңыз?
🏹Бүгін Түркияда 5 ғасыр бойы Осман империясының орталығына айналған Ыстамбұлды басып алған күн. 1453 жылы 29 мамырда Осман сұлтаны II Мехмед Византия империясының астанасы Константинопольді басып алды. Қаланың негізі біздің дәуірімізге дейінгі 7 ғасырда қаланған. Бұған дейін ол Византия деп аталды. Ал 330 жылы император Ұлы Константин Рим империясының астанасын ауыстырып, қаланы Константинополь деп атады. 1922 жылы Осман империясы жойылып, түрік астанасы Анкараға көшірілді. 1930 жылы қала Ыстамбұл деп аталды. Бүгінде онда 11 миллионға жуық адам тұрады.
Таныстарыңыздың арасында түріктер болса, оларды жеңіс күнімен құттықтап қойыңыз!