«Үйде жатпа» күнтізбесі. 31 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 31 мая, 2024


🗣31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бүгін Қазақстан халқы сталиндік режим тұсында жазықсыз қаза тапқандарды еске алады. 1926 жылғы КСРО халықтарының санағы бойынша 3 968 289 қазақ өмір сүрсе, 1937 жылы олардың саны 2 862 458 адамға дейін қысқарды. Нақтырақ айтсақ, қазақтардың 72,1%-ы ғана аман қалды. Ал кейбір тарихшылар ашаршылық құрбандарының санына көбірек баға береді. Тек 1970 жылы қазақтар өз сандарын 1926 жылғы деректермен қалпына келтірді. Сондай-ақ Қазақстанда 1921-1954 жылдар аралығында 100 мыңға жуық адам сотталып, 20 мыңнан астам адам атылып кетті. Олардың қатарында қазақ халқының көптеген танымал өкілдері болды.

 

Сталиндік қуғын-сүргін құрбандарының қайсын білесіз? 

 

👀31 мамырда Халықаралық темекісіз күн аталып өтеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, темекі шегу жеті миллионға жуық адамның өліміне себепші болды. Бұл сан әлі де өсуде. Аталмыш жаман әдет 25-тен астам ауру туғызып, түрлі дертті асқындырып жібереді. Сол себепті әлемдік қауымдастыққа ХХІ ғасырда темекі шегуді және оны жоюға байланысты мәселелерді қарастыру міндеті қойылды. 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 

💃31 мамыр — Дүниежүзілік аққұбалар күні. Бұл бейресми мереке күні көптеген қалада ирониялық акциялар мен “аққұбалар шеруі” өтеді. Кейбір ғалымдардың мәліметінше, нағыз аққұба адамдардың кездесуі — сирек құбылыс. Сондықтан бірнеше ғасырдан кейін аққұба қыздар жер бетінен мүлдем жоғалып кетуі мүмкін екенін айтады. Қазақстанда моңғол шапқыншылығына дейін қазақтар арасында көк көзді аққұба адамдардың көп болғанын ғалымдар әлі күнге дейін айтып келеді.

 

Ал сіз танымал жандардың арасынан аққұба адамдарды білесіз бе?

👥31 мамыр — атақты екі актердің туған күні. Бүгін 70-тен астам фильмде басты рөлді сомдап, Оскар сыйлығын төрт мәрте иеленген актер Клинт Иствуд 94 жасқа толды. Өткен жылы ол мансап жолындағы соңғы фильмінің түсірілімі басталғанын хабарлаған еді. Сонымен қатар бүгін “Алтын глобус” сыйлығын екі рет иеленген, 60-қа жуық фильмде басты рөлді сомдаған актер Колин Фаррел 48 жасқа толды. Ол “Александр”, “Телефонная будка”, “Залечь на дно в Брюгге”, Вспомнить все”, “Джентльмены” фильмдеріндегі рөлінің арқасында танымал болды. 

 

Сізге қай актер ұнайды: Клинт Иствуд немесе Колин Фаррелл?