💪Бүгін — Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылы 4 маусымда Елтаңба, Ту және Әнұран ресми түрде бекітілді. Осы мемлекеттік рәміздердің түпнұсқасы бүгінде Ақордада сақтаулы. Қазақстанның көк байрағы мыңдаған рет дүбірлі додаларда желбіреп, әлемнің ең биік шыңдары мен ғарыш кеңістігінде самғады. Жер шарының адам аяғы сирек басатын түкпір-түкпірінде көк Туымыз көтерілді. Бұл — халқымыздың мақтанышы, елдігіміздің айғағы.
Айта кетейік, дәл осы күні — 1943 жылғы 4 маусымда — Қазақстанның алғашқы Әнұранын жасауға арналған байқау жарияланды. Ол гимн кейінгі 50 жыл бойы шырқалып келеді.
Туымыздың, Елтаңбамыздың, Әнұранымыздың авторлары кім екенін білесіз бе?
👀Бүгін – агрессия құрбаны болған жазықсыз балаларды еске алу күні. 1982 жылы 4 маусымда Израиль ұшақтары Бейрутке алғашқы әуе шабуылын жасады. Осылайша палестиналық және ливандық балалар жазықсыз ажал құшты. Жер-жүзін дүр сілкіндірген осы қанды оқиғадан кейін, БҰҰ бұл күнді — жазықсыз сәбилердің қайғы-қасіретін ұмытпас үшін — ресми түрде атап өтуді шешті.
Соғыс кезінде тек сарбаздар ғана емес, бейкүнә балалар да құрбан болады. Олар зорлық-зомбылыққа, моральдық қысымға ұшырайды. Адамзат мұндай трагедияларға көз жұмбай, балалардың жанайқайын естуі тиіс.
👀Маусымның алғашқы сәрсенбісінде әлем жұртшылығы жүгіру күнін атап өтеді. Жүгіру — адамзат тарихындағы ең көне спорт түрлерінің бірі. Ол ежелгі Олимпиада ойындарының да құрамына енген. Оның кең таралуының басты себебі — қолжетімді болуында. Жүгіруге тек аяқкиіміңіз болса жеткілікті, ал жаттығу орнын өзіңіз таңдайсыз. Қазір әлемнің түкпір-түкпірінде, соның ішінде Қазақстанда да марафондар ұйымдастырылып жүр. Сонымен қатар жаттықтырушылармен бірге тегін жаттығуға мүмкіндік беретін жүгіру клубтары да көбейіп келеді.
Ал сіз жүгіру жарыстарына қатысып көрдіңіз бе?
👠4 маусымда өмірге келген танымал әйел адамдар. Бүгін опера дивасы, Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева 66 жасқа толды. Ол Нью-Йорк, Париж, Амстердам, Лиссабон, Мәскеу және басқа қалалардың әйгілі опера театрларында жеке концертін берді. Мансап жолында 3 альбомын жарыққа шығарды. Оның ішінде опера ғана емес, қазақтың халық әндері де бар. Бүгін америкалық актриса, режиссер, продюсер, модель, БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли 50 жас мерейтойын атап өтеді. 40-тан астам фильмдегі рөлімен танымал болған өнер иесі “Оскар” және үш мәрте “Алтын глобус” сыйлығын иеленді. Forbes журналы оны бірнеше рет Голливудтағы гонорары жоғары актриса деп таныды.
Сізге Анджелина Джолидің қай фильмі ұнайды?