«Үйде жатпа» күнтізбесі. 8 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 08 августа, 2023


😺8 тамыз — Дүниежүзілік мысықтар күні. Мысықтар сыртқы түріне, тұқымына және сипатына қарамастан, үй жануарлары арасында құрметті болып келеді. Жер шарындағы тұрғындарының шамамен 80% үй жануарларының қандай да бір түрін ұстайды. Ал олардың жартысынан көбі мысықтарды жақсы көреді. Сондықтан мысықтар мерекесі ерекше аталып өтеді. 

Сізге қай жануар ұнайды: мысық әлде ит? 

👀8 тамыз халықаралық офтальмология күні аталып өтеді. Көру қабілетінің нашарлауы адамның әлеуметтік мүмкіндіктерін төмендетеді. Бұл физикалық жайсыздықпен қатар психологиялық проблемаларға да алып келеді. Бұл аурудан алдын алу үшін мына ережелерге мән беруіңіз қажет. Нақтырақ йтсақ, зиянды әдеттерден бас тарту, жоғары сапалы күннен қорғайтын көзілдірік тағу, А және Омега-3 дәрумендерін тұтыну.  Сонымен қатар компьютерде, ұялы телефонда және теледидарда көп уақыт өткізбеуге тырысыңыз. 

 

Өзіңізді және көру қабілетіңізді қорғаңыз. Сонымен қатар дәрігерлердің кеңесіне құлақ түріңіз!

🌤Бүгін — Халықаралық альпинизм күні. 1786 жылы 8 тамызда дәрігер Мишель-Габриэль Пакард пен гид Жак Балмат Альпінің 4810 метр биіктікте орналасқан Монблан шыңын бірінші болып бағындырды. Бұл күнді тау шыңын бағындырушылар ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіптік альпинизммен айналысатын адамдар да өздерінің мерекесі деп санайды. Қазақстанда мен әлемде жыл өткен сайын көпқабатты үйлер көбейіп келеді. Бұл мамандар терезелер мен қасбеттерді жууға, оларды жөндеуге және бояуға, кондиционер орнатуға және биік ғимараттарға басқа да жұмыстарды орындауға көмектеседі. 

👥8 тамыз — танымал екі актердің туған күні. Бүгін театр және кино актері, режиссер және продюсер Дастин Хоффман 86 ​​жасқа толды. Өзінің мансап жолында ол 50-ден астам фильмде ойнады. Көпшілігімізге “Знакомство с Факерами”, “Парфюмер”, “Тутси” фильмдегі рөлімен танымал. Өнер иесі “Оскар” және басқа да көптеген беделді марапаттардың иегері. 75 жыл бұрын киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Дінмұхамед Әшімов өмірге келді. Ол әлемнің 13 киностудиясында 100-ден астам фильмге түскен. Өнер иесін халық “Побег из аула. Операция Махаббат” және «Қазақ хандығы» фильміндегі Моғолстан билеушісі Есен-Бұға ретінде таниды.

 

Ақсақалдарға зор денсаулық және шығармашылық табыс тілейміз!