«Үйде жатпа» күнтізбесі. 9 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 09 июня, 2023


🫂 9 маусым — Халықаралық достар күні. Достық – адамның тұлға ретінде қалыптасуына, өзін-өзі бағалау көрсеткішін арттыруға, өмірлік тәжірибе жинақтауына көмектесетін тамаша сезім. Тіпті Сократ «достық болмаса, адамдар арасындағы қарым-қатынастың құндылығы болмайды» деген. Ал Цицерон «достықсыз өмір – күн жылуынан айырылумен тең» деп есептеді. Геронтологияны зерттеумен айналысатын австралиялық ғалымдар адамның достары көп болған кезде оның өмір сүру ұзақтығы 22%-ға ұзаратынын дәлелдеді.

Достарыңызды бүгінгі мерекемен құттықтап қойыңыз! Жақын жандарыңызбен достықтарыңыз берік болсын! 

🤯1887 жылы 9 маусымда Алматыда 9-10 баллдық жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан 1799 тас және 839 ағаш ғимараттар қирап, қаланың 30 мың тұрғынының 800-ге жуығы қаза тапты. Апат барлығын есеңгіретіп тастағаны сонша, тіпті қаланы басқа жерге көшіру мәселесі де көтерілді. Бірақ уақыт өте келе қорқыныш сезімі сейілді. Осы оқиғадан соң Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі болған емес. Бірақ сейсмологтар кез келген сәтте апат болуы мүмкін екенін жиі айтады.

🦆 Бүгін мультфильм әуесқойлары Дональд Дактың 89 жылдығын тойлап жатыр. Ол алғаш рет 1934 жылы 9 маусымда «Кішкентай дана тауық» мультфильімімен экранға шықты. Уолт Диснейге Микки Маус сияқты емес, жағымсыз кейіпкер қажет болды. Дисней жарнамалық роликтерде үйрек дауысын салған Кларенс Нэшті естігеннен кейін Дональд Дак кейіпкерін құрастырды. Дональдтың жаман мінезі оның дауысы керемет үйлесім тапты. Нэш 1934 жылдан 1985 жылға дейін Дональдқа дауыс берді. Сонымен қатар оның орнына Тони Ансельмоны үйретті. 9 маусым Америкада Ұлттық Дональд үйрек күні аталып өтеді. 

Сізге қай мультфильм кейіпкері көбірек ұнады?

🥳9 маусым –  атақты екі өнер иесінің туған күні. Бүгін американдық актер әрі режиссер Джонни Депп 60 жылдық мерейтойын атап өтеді.  Әлемде «Кариб теңізі қарақшылары» фильміндегі капитан Джек Торғайды білмейтін адам жоқ шығар. Өткен жылы ол бұрынғы әйелі Эмбер Хердпен болған сотта жеңіске жетті. Содан соң ол 63 мың долларға той жасады. Сонымен қатар бүгін Израильден шыққан американдық театр әрі кино актрисасы Натали Портман 42 жасқа толды. Ол 13 жасында «Леон-киллер» фильмінде ойнаған дебюттік рөлі арқылы танымалдылыққа ие болды. 2010 жылы «Қара аққу» фильмі үшін «Үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алды. Сондай-ақ өнер иесі Оскар, Алтын глобус, BAFTA және Сатурн сыйлықтарының иегері. 

Сізге қай өнер иесі ұнайды: Джонни Депп немесе Натали Портман?