🫂9 маусымда Халықаралық достар күні аталып өтеді. Достық – адамның тұлға ретінде қалыптасуына, өзін-өзі бағалауына, өмірлік тәжірибе жинақтауына көмектеседі. Ежелгі грек философы Сократ: “Достық болмаса, адамдар арасындағы қарым-қатынастың құндылығы болмайды” десе, Цицерон “доссыз өмір – күн жылуынан айырылумен тең” деп есептеді. Аустралиялық геронтолог-ғалымдардың зерттеуі бойынша, достары көп адамның өмір сүру ұзақтығы 22%-ға артады екен.
Достарыңызды бүгінгі мерекемен құттықтап қойыңыз! Жақын жандарыңызбен достықтарыңыз берік болсын!
👀1887 жылы 9 маусымда Алматыда 9-10 баллдық жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан 1799 тас және 839 ағаш үй қирап, 30 мың тұрғынның шамамен 800-і қаза тапты. Бұл апат елді қатты есеңгіреткені соншалық, қаланы басқа аймаққа көшіру мәселесі де көтерілді. Бірақ уақыт өте келе қорқыныш сезімі сейілді. Осы оқиғадан соң Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі болған емес. Бірақ сейсмологтар кез келген сәтте апат болуы мүмкін екенін жиі айтады.
Алматылықтардың жер сілкінісіне қаншалықты дайын екенін біздің сюжеттен көре аласыз: https://youtube.com/shorts/NaJQJg1Z-V0?si=9WXRW1Y52l6laGaX
💪Бүгін мультфильм әуесқойлары Дональд Дактың 91 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол алғаш рет 1934 жылы 9 маусымда “Ақылды кішкентай тауық” мультфильімімен экранға шықты. Уолт Диснейге Микки Маусқа қарағанда қаталдау, қыңырлау кейіпкер керек болды. Кларенс Нэштің жарнамада қолданған үйрек даусы Диснейдің көңілінен шығып, осылайша Дональд Дак өмірге келді. Дональдтың мінезі шатақтау болса да, ол көрерменнің жүрегінен ерекше орын алды. Нэш бұл кейіпкердің дауысын 1934 жылдан 1985 жылға дейін өзі дыбыстады, кейін бұл істі шәкірті Тони Ансельмо жалғастырды.
Сізге қай мультфильм кейіпкері көбірек ұнайды?
👥9 маусым — атақты екі өнер иесінің туған күні. Бүгін америкалық актер әрі режиссер Джонни Депп 62 жасқа толды. Оны бүкіл әлем “Кариб теңізінің қарақшылары” фильміндегі капитан Джек Воробей ретінде таниды. 2022 жылы ол бұрынғы әйелі Эмбер Хердпен болған сотта жеңіске жетті. Содан соң ол құны 63 мың долларды құрайтын кеш өткізді. Сонымен қатар бүгін Израильден шыққан америкалық театр әрі кино актрисасы Натали Портман 44 жасқа толды. Ол 13 жасында “Леон-киллер” фильмінде ойнаған дебюттік рөлі арқылы танымалдыққа ие болды. 2010 жылы “Қара аққу” фильміндегі басты рөлі үшін “Үздік әйел рөлі” номинациясын жеңіп алды. Сондай-ақ өнер иесі “Оскар”, “Алтын глобус”, “BAFTA” және “Сатурн” сыйлықтарының иегері.
Сізге қай өнер иесі ұнайды: Джонни Депп немесе Натали Портман?