Әйгілі актер Джеки Чанның аңыз адамға айналу жолы
Жетістікке жету құпиясы
📌 Джеки Чан — атақты қытай әрі американдық актер, каскадёр, кинорежиссёр, продюсер, сценарист, трюктер мен шайқас көріністерін қоюшы, әнші, филантроп, ЮНИСЕФ елшісі.
🔍 Ол 1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, кішкентайынан қиындықты көп көрген. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып, Қытай жабық драмалық академиясына оқуға түседі. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді.
🔍 Осылайша тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіпке түсіп, таңғы сағат 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз жаттығулардың шыңдалуынан өтеді. 1971 жылы академияны бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған қайтпас қайсар Джеки Чан актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай қатерге тіккен.
📍Сонымен қатар Джеки Чанның әншілік қабілеті де бар. Көптеген кинодағы әндерді өзі орындаған. 80 жылдардан бастап қазіргі күнге дейін 20 альбомды әндер жинағын шығарған. Бірақ қалың жұрт Джеки Чанды әнші ретінде емес, актер ретінде таниды. Ол 100-ден астам фильмдерде басты рөлдерді сомдаған. Ең алғашқы түскен киносы «Мәңгілік махаббат», «Жас жолбарыс». Осы актерлік өнердің, ерен еңбектің арқасында Джеки Чан әлемдегі ең бай адам атанып және көптеген табыстарға қол жеткізіп отыр.
☝🏻Джеки Чаннан мотивация:
✔️ Адам ішкі жан дүниесіне үңілсе — дана болады.
✔️ Мен трюк жасай алмаған кезде, бұл — менің соңғы жұмыс күнім болып есептеледі.
✔️ Ешкім күнәсіз болмайды. Менде әулие емеспін. Мен өзімді қалай дұрыс ұстау керект екенін әлі де үйреніп жүрмін.
✔️ Табысты болудың ең тиімді жолы — істейтін нәрсеңе ғашық болу.
✔️ Егер табысқа жеткіңіз келсе, мына алты кеселден бойыңызды аулақ ұстаңыз: маубастық, жалқаулық, қорқақтық, ашушаңдық, уақытты босқа өткізу және жасқаншақтық.