Әлихан Смайылов, Құрғақшылық,Ақау.6 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 06 Маусым, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Премьер-министр Әлихан Смайылов жағажайда ішімдік ішуге тыйым салуды ұсынды.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын пысықтап, бақылауда ұстау керектігін ескертті. Бұл туралы inform.кz хабарлайды.

«Әкімшілік шаралар қолдану арқылы жағажайларда ішімдік ішуге жол бермей, тыйым салу керек. Ол үшін демалыс орындарындағы қоғамдық тәртіпті қадағалау жұмыстарын күшейту қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, шағын көлемді кемелерді пайдалану барысын бақылау бойынша шаралар қабылдауы тиіс. Су қайығын қолдануда техникалық ақаудың кесірінен арты қайғымен аяқталған жағдайлар бар», – деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Үкімет басшысы жағажайлардағы қауіпсіздік мәселесін қатаң бақылауда ұстау керектігін тағы бір еске салды.

Ал сіз қолдайсыз ба?🤔

2️⃣ Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лар ақауға байланысты жұмысын тоқтатты.

Қазақстандық арнайы ХҚКО-лар жұмысында техникалық ақау байқалды, қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді ала алмай отырғандарына шағымданды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәліметінше, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (ӘПК) жағында техникалық ақау пайда болған.

«Сіздің назарыңызға ІІМ ӘПК тарапындағы техникалық ақауларға байланысты еліміздің барлық арнайы ХҚКО-сында мемлекеттік қызметтер көрсету тоқтатылғанын жеткіземіз. Мамандар оларды жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деді корпорацияның баспасөз қызметі өкілдері.

📌 Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

3️⃣ Қазақстанның бес облысында құрғақшылық болады.

«Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша маусым айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ылғалдылық негізінен нормаға жақын болады деп күтілуде.
«Сонымен бірге, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықта жекелеген аудандарында қалыпты құрғақшылық аймақтары күтілуде», – делінген хабарламада.

Болжам бойынша орташа құрғақшылық күтілуде:

* Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында,
* Қостанай облысының Амангелді және Жаңғылда аудандарында,
* Қызылорда облысы Қармақшы ауданында,
* Ақмола облысы Жақсы ауданында,
* Қарағанды облысы Шет ауданында.

Бұған дейін синоптиктер 2023 жылдың маусым айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан болатын. Болжам бойынша, айдың басында еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады. Маусым айының ортасында ыстық күндер өткінші жаңбырмен, екпінді желмен, найзағаймен, бұршақпен және шаңды дауылмен салқын ауа райымен ауыстырылады.

Құрғақшылықтан аман-есен шығайық🤲🏻