Мұхтар Әуезов: Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады

Автор: редактор 14 августа, 2023


Мұхтар Әуезов: Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады

Мұхтар Омарханұлы Әуезов — қазақ совет жазушысы, қоғам қайраткері, әдебиет және филологиясы саласындағы ғалым.

📌 Бүгін назарларыңызға жазушының бірнеше қанатты сөзін ұсынамыз.

▪️ Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс.

▪️Адам көркі – ақыл.

▪️Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек.

▪️Өз топшылауым бойынша, адамның қай мінезі қасиетті болса, сол мінезі міні де болады.

▪️Төзім тамаша сипат. Бірақ шексіз ұзақ төзуге өмір тым қысқа ғой.

▪️Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

▪️Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

▪️Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.

▪️Не аңсағанда аларсың, не қақсағанда аларсың.

▪️Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!