Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ 18 мамыр Алматы қаласының мұражайлары «Музей түні» дәстүрлі акциясын өткізеді.
Мысалы, құрамына 8 музей кіретін «Алматы қаласы музейлер бірлестіктігінде» (Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А.Қонаев музейі, Н. Тілендиевтің мемориалды музейі, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешені, А. Байтұрсынұлының музей-үйі, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы), «Тарих. Тұлға. Музей» тақырыбында ауқымды мәдени-көңіл көтеру шарасын өткізуді жоспарлар отыр.
Ал сен тамашалауға барасың ба?😍
2️⃣ Директор мен мұғалім сыйлық алған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мәлімдеді.
Ведомствоға 1424 Call-орталығы арқылы мектептердегі ақша жинау фактісі бойынша 20-дан астам шағым түскен.
«Жыл сайын мектептерде соңғы қоңыраулар, бітіру кештері және мұғалімдер мен мектеп директорларына қымбат сыйлық алып жатады. Оқушылардың ата-аналары қосымша шығындарды көтермеуі керек. Қазақстанда орта білім тегін. Барлық мектепте алымдарға қатаң тыйым салынады», — дейді агенттік мамандары.
Директор мен мұғалім сыйлық алған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
«Мектеп директорлары заңсыз материалдық сыйақы мен пара алғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық үшін 600 АЕК айыппұл салынады, ал қылмыстық жауапкершілікке тартылса, мүлкі тәркілене отырып, пара сомасының 20 еселенген мөлшерінде айыппұл салудан бастап 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленеді.
Ал мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлық беруге тыйым салынады. Егер заңбұзушылық болған жағдайда 2000 АЕК дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деп жазылған антикор хабарламасында.
Ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау фактілері, сондай-ақ басқа да сыбайлас жемқорлық туралы 1424 Call-орталығына шағымдануға болады.
Абай болыңыздар!📌
3️⃣ Сириядағы жойқын жер сілкінісінен үш айдаң соң үйінді астынан тірі адам табылды.
Әлі кетіп, бірақ аман қалған ер адамды 16 мамыр күні үйінділерді тазалау кезінде жұмыс істеп жүрген сириялық құтқарушылар тауып алған.
Жергілікті Akhbar.fouri порталы қатты азып, сақал-мұрты өсіп кеткен адамды құтқару барысынан кадрлар жариялады.
Ер адам дәрігерлердің бақылауында, оны оңалтуға ұзақ уақыт кетеді деп болжанып отыр.
Оның қалай аман қалғаны әзірге белгісіз.
Таңғаларлық жағдай болды!🙌🏻