Осы аптада қайда тегін баруға болады?

Автор: редактор 12 апреля, 2025


Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз. 

 

АЛМАТЫ:

 

🧠«06+BAIQOÑYR: ой кеңістігі” көрмесі

Бұл жоба алты жыл қатарынан Адамзаттың ғарышты бағындыруына арналған Ғарышкерлер күнін қарсы алудың бастауы болып келеді. Көрме-байқаудың басты мақсаты – Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері мен магистранттарының, сондай-ақ Б. Тұрғынбай шеберханасының жас оқытушылары мен түлектерінің шығармашылық шабытын оятып, олардың көркемдік қабілетін дамыту.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 12 және 13 сәуір, 11:00 – 19:00

 

🍀«T1 / 2» саунд-арт инсталляциясы

Бұл жоба Камилла Нарышева мен Вики Кларктың Семей ядролық сынақ полигоны аумағында жасаған дала жазбаларына негізделіп жасалған. Жұмыс дыбыстың белгілі бір мекеннің жадымыздағы ізіне айналу қабілетін, көзге көрінбейтін, бірақ сезілетін қалдықтарды жеткізу мүмкіндігін зерттейді.

Өтетін орны: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101-үй, домофон 1.

Күні: 12 және 13 сәуір, 14:00 – 22:00

 

💅Spring Art Fair көрмесі

Көрмеде Қазақстанның жас суретшілері мен танымал шеберлері өздерінің үздік туындыларын ұсынады. Сондай-ақ көрермен авторлармен кездесулерге, поэзиялық кештерге, дәрістер мен шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Өтетін орны: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3-қабат)

Күні: 12 және 13 сәуір, 10:00 – 20:00

 

👣Георгий Макаровтың “Бір Тау жайлы хикая” көрмесінің ашылуы

Суретшінің туындылары сізге бірегей әлемнің есігін ашады – мұнда Тау бейнелі баяндаудың басты кейіпкеріне айналып, абстракция мен фигуративтік үндесіп, терең мағыналы көркем образдар тудырады. Сізді мәтін, дыбыс пен бейнелер тоғысқан ерекше атмосфера күтеді.

Өтетін орны: Ular Gallery, Панфилов көшесі, 92-үй

Күні: 12 сәуір, 12:00-18:00

 

👀Катерина Никонорованың “lovinnale” көрмесі

Суретшінің жаңа коллаждар топтамасы — өмірінің бетінде қалқып шыққан көпіршіктер тәрізді — көрерменді махаббатқа деген ішкі сапарға жетелейді. Драмалар, табыстар, кездесулер, тәжірибелер мен кедергілерден өткен Катипа махаббат сезімін және осы бір қайталанбас тәжірибені ең қарапайым шартты белгілер арқылы жеткізеді.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79

Күні: 12 және 13 сәуір, 12:00 – 17:00

 

 

АСТАНА:

 

🗣SONS OF THE SHAMAN көрмесі

Нигериялық суретші Мосес Зибор мен қазақстандық суретші Сәулет Жәнібектің бұл көрмесі көрерменді руханият, дәстүр мен бірегейлік жайлы сұхбатқа шақыратын мәдениеттер арасындағы сапарға жетелейді.

Өтетін орны: LM Kulanshi Art, Hayat тұрғын үй кешені, Қасым Аманжолов көшесі, 22А.

Күні:12 және 13 сәуір, 10:00 — 16: 00

 

👤«Портреттер емес» көрмесі

Белгілі грузин фотографы Гио Кардаваның жұмыстары көрерменді адам мен өнерге, тіпті өзіне де өзгеше қырынан қарауға шақырады. Бұл – өткен мен болашақтың, дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан тұсы. Онда әрбір сурет терең ойға батырып, жүректен орын алады. Сондай-ақ өз алдына бөлек бір сыр шертеді.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1

Күні: 12 және 13 сәуір, 10:00 — 20:00

 

 

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!