Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Астаналық оқушылар егістікті арам шөптен тазалайтын робот ойлап тапты
Астана қаласындағы БИЛ мектебінің 10-11 сынып оқушылары егістікті арам шөптен тазалайтын робот машина ойлап тапты.
Салмағы 80 келі тартатын робот KazRobotix деп аталады, ол егістікке қажет емес өсімдіктерді жою үшін қолданылатын гербицид дәрісін сеуіп, тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Оқушылар бұл роботты «Таза Қазақстан. Астана — тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы аясында бір ай ішінде құрастырған.
Робот бір күнде егін мен ауа райы жағдайына байланысты 4-8 гектар жерді арам шөптен тазарта алады.
Оқушы қыздардың бұл ғылыми жобасы былтыр Enactus халықаралық конкурсында бас жүлдені жеңіп алды.
Бүгінде бұл жобаға бірқатар кәсіпорын қызығушылық танытып отырған көрінеді.
Талантты жастарымыздың еңбегі, бәрекелді! 👍
2️⃣ “Абай” операсы араға 66 жыл салып Мәскеуде қайта сахналанды
“Астана Опера” Мәскеудің Үлкен театрында “Абай” операсын сахналады. Қойылым шетелдердің үздік операларының басын қосқан “Музыканы көру” халықаралық фестивалі аясында өтті. Гастрольдік сапар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің және Үлкен театр әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асты.
Операны Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой мен дипломаттар, ресейдің өнер қайраткерлері тамашалады. «Абай» операсы 70 жылдан астам уақыт бұрын жазылған. Алғаш рет 1944 жылы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында қойылды. Әлемнің ең танымал театрларында көрермен көзайымына айналды.
Мәскеуде “Абай” операсы алғаш рет 1958 жылы Қазағөнері мен әдебиетінің оңкүндігі аясында сахналанды. Ал бүгінгі Үлкен театр көрермені “Абай” операсын алғаш рет тамашалап отыр. Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің “Абай” операсы – тек махаббат, жақсы мен жаманның күресін бейнелеген қойылым ғана емес, қазақтың жан дүниесінің тереңдігін көрсететін, көшпелі өмірдің салты мен философиясын насихаттайтын бірегей туынды.
Тамаша!😍
3️⃣ Мемлекеттік кірістер комитеті атынан қоңырау шалатын алаяқтарға қатысты ескерту жасады
«Алаяқтар бұрыннан белгілі схема бойынша әрекет етеді-салық төлеушінің салықтық хаты бар немесе шоты бұғатталған деп мәлімдейді. Мәселені шешу және айыппұлдарды болдырмау үшін бетпе-бет кездесуге онлайн брондау ұсынылады. Содан кейін кодты 1414 нөмірінен жәбірленушінің телефонына жібереді және брондау процесін аяқтау үшін кодты жазуды сұрайды», — деп жазылған мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге жеке мәліметтерін ешкімге бермеуді ескертеді.
Сондай-ақ МКК қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақша аударуға, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.
Абай болыңыздар! 📌