Салық, Стенд, Әлеуметтік желі. 24 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 24 Мамыр, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстанда балалар әлеуметтік желілерге тіркелу үшін ата-анасының рұқсаты қажет болады.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Жоба 6 маусымға дейінталқыланады.

Яғни, кәмелетке толмағандар WhatsApp, ВКонтакте өзге де әлеуметтік желілер платформаларына ата-анасының рұқсатынсыз тіркеле алмауы мүмкін.
Қазақстанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында олардың әлеуметтік желілерге тіркелуін шектеу шаралары қарастырылып жатыр.

Бұдан былай TikTok, WhatsApp, Instagram желілеріне шектеу қойылуы мүмкін.👍

2️⃣ Әлем кубогі кезінде стенд атудан қазақстандық ару Әсем Орынбай жеңімпаз атанды.

22 мамыр Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылындағы Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Әлем кубогі басталды. Сайыста 38 мерген бақ сынады.

Финалға үздік 6 спортшы шығып, Әсем Орынбай бірнеше айналымда ұпай саны бойынша бірінші сатыда тұрды. Ақтық сында Үндістан өкілі Г.Сихоннен үздік болып, алғашқы мүмкіндіктен-ақ жеңімпаз атанды.

Бұл жеңісте Әсем Орынбай Францияда өтетін 2024 жылғы XXXIII Жазғы Олимпиада Ойындарына жолдамаға қол жеткізді.

Құтты болсын!😍👏🏻

3️⃣ Депутат елімізде зиян азық-түлік өнімдеріне салық енгізуді ұсынды.

Мәжіліс депутаты Маггерам Маггерамов қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту үшін осындай ұсыныс білдірді.

Оның айтуынша, соңғы он жылда мұндай салықтар Дания, Эквадор, Мысыр, Франция, Венгрия, Мексика, АҚШ және басқа да мемлекеттерде қалыптасқан. Аталмыш елдерде азық-түлік өнімдерін өндірушілер мен сатушылардың 70 пайызына дейін зиян өнімдер санын азайтқан.
Сондықтан ол зиян өнімдерге салық салуды және пайдалы өнімге төмен баға қарастыруды ұсынды.

Бұл ұсынысты қолдайсыз ба?🤔