Спорт, Университет, Грант. 7 тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 07 Тамыз, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Әлемнің үздік университтері белгілі болды.

Рейтингіде Еуропа мен АҚШ университеттері көш бастап тұр.

Беделді рейтингінің жалпы ұпайы 9 көрсеткіш негізінде анықталды. Бұл тұрғыда академиялық бедел, жұмыс берушінің танымалдығы, оқытушылар мен студенттер саны, оқытушылардың жетістігі, шетелдік оқытушылар бойынша көрсеткіш, шетел студенттерінің үлесі, сондай-ақ халықаралық зерттеу бағыты, жұмыспен қамту және тұрақты даму нәтижелері зерттелді.

Әлемдік рейтингіге енген Қазақстан ТОП-5 жоғары оқу орны:

– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (230-орын);

– Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (355- орын);

– Satbayev University (481-орын);

– М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (611-орын);

– Қазақ ұлттық аграрлық университеті (641-орын);

Бұл тізімге Қазақстанның да жоғары оқу орындары енді.😍👍

2️⃣ Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы болады.

Минскіде өткен жиында ТМД елдері спорт әкімшіліктері мен ұйымның атқарушы органдары алдағы жоспарды талқылады. Сондай-ақ 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарлар да пысықталды.

Кеңес қабылдаған шешімдердің бірі – 2025 жылғы ТМД елдері ойындарын Әзербайжанда өткізу. Бұдан бөлек, тағы бір жаңа жарыстар басталады. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы спартакиада, Достық ойындары, «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі және шахматтан ТМД кубогы сияқты жарыстар бар.

Айта кетері, биыл Беларусьта өткен ТМД елдері ойындарында Қазақстан спортшылары алты медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 9-шы орынға ие болды.

Тамаша!🔥

3️⃣ Грант иегерлері құжатты 25 тамызға дейін тапсырып үлгеруі керек.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Талапкерлер 25 тамызға (қоса алғанда) дейін қабылданады», – деп жазды ол.
Министр отандық жоғары оқу орындарына түсу үшін қандай құжаттар қажет екенін еске салды:

жеке куәлік,

3х4 көлеміндегі фото,

орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом,

№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама,

ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігін, білім грантын тағайындау туралы электронды куәлігін тапсыру керек.
Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар ұсынылады.

Жақындарыңызды хабардар етіп қойыңыз!☝🏻