Тегін тамақ, Құжат, Митинг. 18 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 18 Қазан, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Алматыда балалар жол сапасының нашар болуына байланысты наразалық білдіріп, митинг ұйымдастырды.

Бұл туралы Qumash telegram-арнасы хабарлады.

Алматыда «Алматы − 1» вокзалының ауданында балалар митингі өтті. Олар Воронеж және Крыжицкий көшелерінде асфальт жоқтығына наразылық білдірді.

Аудан тұрғындарының бірі көз ашқалы асфальт көрмесе, енді бірі көшеде коньки теуіп көрмегенін айтты. Сонымен қатар ауа райы қолайсыз болған жағдайда, әсіресе, жаңбырлы күндері аяқтары батпаққа батып, мазалары қашатынын да жеткізді. Бұл жағдай соңғы 4 жылдан бері қайталанып келеді.

2019 жылдың жазында мұнда кәріз құбырларын тарту үшін барлығы қазылып, асфальттың тек 30-40 пайызы бүтін қалған. Содан бері әкімдік бұл жерді қараусыз қалдырған екен.

Ал сіздің тұрып жатқан жеріңіздің жолына көңіліңіз тола ма?🤔

2️⃣ Қазақстан мен Қытай құны 16 миллиард болатын 30 құжатқа қол қойды.

Мемлекет басшысының қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Терефтал қышқылын/полиэтилентерефталат өндіру жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөнінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен SINOPEC арасындағы келісім;
2. «CASPI BITUM» БК» ЖШС зауытының мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 миллион тоннаға дейін жеткізу жобасын ілгерілету жөнінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен CITIC Group арасындағы өзара түсіністік туралы келісім;
3. «Қазпошта» АҚ мен YTO Express Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен CRRC Corporation Limited арасындағы ынтымақтастық және CRRC Corporation Limited өнімдерін сатып алу туралы негіздемелік келісім (сауда келісімі);
5. Жер қойнауын пайдалану келісімшартының жарамдылық мерзімін ұзарту жөнінде ҚР Энергетика министрлігі мен China National Petroleum Corporation компаниясының екіжақты мәлімдемесі.
6. «Силлено» ЖШС-нің жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алу-сату туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, SINOPEC және «СИБУР» ЖШҚ арасындағы шарт;
Сонымен қатар Мемлекет басшысының ҚХР-ға сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1.     «Самұрық-Қазына» АҚ, Сhina Power International Holding мен SANY Renewable Energy Co. Ltd арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Бейжің мұнай университеті арасындағы «Бір белдеу, бір жол» қауымдастығын құру жөнінде ынтымақтастық туралы келісім;
3. «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС мен Shenzhen Enterprise Confederation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4.     «Самұрық-Энерго» АҚ мен Power China Resources Ltd. арасындағы жобаны бірлесіп әзірлеу жөніндегі келісім;
5. «Самұрық-Қазына» АҚ мен China Power International Holding арасындағы бірлескен әзірлеме туралы келісім;
6. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен China National Offshore Oil Corporation  арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
7. «QazaqGaz»ҰК» АҚ мен Geo-Jade Petroleum Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
8. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен Liangjiang Precision Control Electronic Technology (Chongqing) Co. Ltd арасындағы «Азаматтық мақсатта қолданылатын жарылғыш заттардың индустриялық паркі» жобасын іске асыруға ниет білдіру туралы келісім;
9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ мен China Huadian Overseas Investment арасындағы инвестициялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім;
10.   «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Ляньюньган порты» компаниялар тобы» ЖШҚ арасындағы  ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім;
11. Astana Motors пен BYD Auto Industry Co Ltd. арасындағы энергияның жаңа көздерін пайдаланатын автомобильдерді тасымалдау туралы дистрибьюторлық келісім;
12.   Astana Motors пен TELD New Energy Co Ltd. арасындағы дистрибьюторлық келісім;
13. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Бейжің шет тілдері университеті арасындағы академиялық алмасу жөнінде қосымша келісім;
14.   «Самұрық-Қазына»  АҚ мен GPC Investment LLP, Bank of China Limited (Tokyo Branch), JSC AB «Bank of China Kazakhstan», China Construction Bank (Asia) Corporation Limited арасындағы GPC Investment үшін кредит желісін ашу туралы кредиттік келісім;
15. «Самұрық-Қазына» АҚ мен SANY Renewable Energy Co.  Ltd. арасындағы инвестиция жөніндегі алдын ала келісім;
16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ мен China National Petroleum Corporation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
17.   «Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК ШЖҚ, «Астана медицина университеті» КеАҚ мен BGI Group арасындағы ынтымақтастық және серіктестік туралы меморандум;
18. «Қазпошта» АҚ мен Sai Cheng International Logistics Co., Ltd. арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
19. «Primus Capital» ЖШС мен Sinoma Cement Co.Ltd арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
20.   «Астана медицина университеті» КеАҚ мен Shanghai United Imaging Healthcare Co.Ltd арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
21. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Бейжің Тіл және мәдениет университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
22. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ арасындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшартқа №7 қосымша;
23. «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ мен BGI Group арасындағы Qazaqstan Investment Corporation компаниясының Forebright Life Science Technology Fund қорына қатысуына байланысты негізгі шарттар;
24. «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен Petrochina International Co.Ltd.   арасындағы табиғи газды сатып алу-сату шарты.

Мемлекет басшысының ҚХР-ға сапары аясында осындай маңызды мәселелер талқыланды📌

3️⃣ Қазақстанда жетім және кедей отбасылардың балалары мектепте тегін тамақтанады.

Жетім және кедей отбасылардан шыққан балаларды мектептерде тегін тамақтандыруды көздейтін бұйрық жобасын білім және ғылым мен цифрлық даму министрліктері әзірледі.

Жоба аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жетімдер қамтылады.

Қызметті Smart Data Ukimet ақпараттық-талдау жүйесіндегі «отбасының цифрлық картасы» және Egov-тағы «әлеуметтік әмиян» арқылы проактивті форматта алуға болады.

«Бұл жоба Астана қаласының 13 мектебінде сынақтан өтті.Жобаның қорытындысы бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) SMS – хабарламалар жіберілді және 331 ваучер іске қосылды», – делінген бұйрықтың түсіндірмесінде.

Құжат 1 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.👍