Жаз мезгілінде қандай өнімдермен тамақтанған дұрыс?

Автор: редактор 06 Маусым, 2023


Жаз мезгілінде қандай өнімдермен тамақтанған дұрыс?

🌳Жаз мезгілінің аптап ыстық күдері ағзамызда дәрумен жетіспеушілгі туындайды. Ал бұл сәйкесінше түрлі ауруға шалдықтруы мүмкін. Осындай ыстық күндері қандай тағамдар мен сусындарды тұтынған жөн? Назарларыңызға бірнеше кеңесті ұсынамыз.

🍽️ Жазды күні қалай тамақтану керек?

Ыстық күндері суды барынша көп ішу керек. Бұл біздің денемізді ыстықтан қорғаудың табиғи жолы. Денеміздің 60%-ын су құрайды. Суда сонымен қатар тұздылықта болады. Тұздылықтың негізгі химиялық элементтері — натрий (Na) және калий (K).

Адам ағзасы салқындықты қалаған кезде, денесінде тершеңдік пайда болады. Мұндай жағдайда адам терісінде тек су ғана емес, сонымен қатар тұз, әртүрлі микроэлементтер және компоненттер бөлінеді. Ыстық күндері марафоншылар сағатына екі литр суды тұтынуы мүмкін.

Тағам құнарлығын қалай азайтамыз?

🧂Тұз

Ыстық күндері де адам ағзасына тұз қажет. Бірақ барынша құнарлығы аз тағамдармен тамақтанғанымыз жөн. Ағзамыз өмір бойы натрийді қажет етеді. Натрийі бар өнімдерді атасақ: сүт және кілегей (100 г-нан 50 мг), жұмыртқада ( 100 г-нан 80 мг) бар. Натрийдің ең негізгі көзі – натрий хлориді (NaCl). Бұл көбінде дайын тамақ өнімдеріне қосылады. Мысалы үшін, нанда 100 г- нан 250 мг натрий болады. Ал балық және ет өнімдерінде (бекон 100 г-нан 1,5 г), тағамдардан (тұздалған крекерлер мен попкорндарда 100 г-нан 1,5 г) бар. Сондай-ақ натрий жоғары мөлшерде әртүрлі дәмдеуіштер мен соустарда болады. Мысалы, соя соусында 100 грамнан 7 грамм натрий бар.

Norma World денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 16 жастан асқан адамдар үшін тұз қабылдау тәулігіне (бір шай қасық ½) 5 г-ды құрайды.

🥦🥝Көкөністер мен жемістер

Көкіністер мен жеміс-жидектердің 90%-ы судан тұрады. Алайда табиғи судан айырмашылығы оларда қышқыл мен тұздылық болады.
Көкөністерді тұтас немесе салаттар түрінде дайындап жеуге болады. Көп мөлшердегі тұз адам ағзасына зиян, ал бұның орнын өсімдік майы, йогурт тағам өнімдері толтырады. Салатқа көкөніспен қатар ет, балық өнімдерін және ірімшік қосуға болады. Бұл тағамдарда сіздің ағзаңызды аққуызбен байытады.

Салаттарды бөлме температурасындағы таза сумен, кваспен немесе айранмен бірге жегеніңіз дұрыс. Ал Азия халықтары ыстық күндері көк шайды қабылдайды.

🥣 Салқын сорпа

Бұл – біріншіден тамақ болса, екіншіден салқын сусын ретінде шөліңізді басады. Кез келген ұлт өкілдерінің тағамдарында салқындатып ішуге арналған сорпалары болады. Мысалы үшін, көже, окрощка, гаспачо, таратор, холодник, ботвинник сынды суық сорпа тамақтар.

Мұндай сорпа тамақтар көкөністерден, өсімдік майы, көкөніс-ет, көкөніс-балықты және сұйық негізден тұрады.

🍴Тамақтану тәртібін қолға алу

Ауа райының ыстық болуы ағзаға үлкен күш түсіреді. Асқа тәбеттің болмауы, ал тамақтанған соң іштің ауыруы осы күндері байқалады. Сондықтан да тамақтанудың ретін өзгертеміз. Яғни, таңғы асты сағат 6-7-лерде ішкен жөн. Түскі асты сағат 11-11:30-да, ал кешкі асты 18:00-де немесе 20-21:00 аралығында ішу керек. Бір күндік рационның құнарлығы: таңғы аста – 35%, түскі аста – 25%, кешкі аста – 25%, кешкі уақытта нәр тату – 15% болу қажет.