Дүниежүзіндегі ТОП-7 стипендиялық бағдарлама

Автор: редактор 06 Шілде, 2023


Дүниежүзіндегі ТОП-7 стипендиялық бағдарлама

🔍 DAAD

DAAD неміс академиялық алмасу қызметі – студенттерге гранттар мен шәкіртақы ұсынатын қауымдастық. Стипендия конкурс арқылы беріледі. Іріктеу кезінде оқу үлгерімі, емтихан нәтижелері, ғылыми жобаның сапасы мен өзектілігі, мотивациялық хат, неміс және ағылшын тілін білуі (бағдарламаға байланысты) ескеріледі.

🔍Fulbright (Fulbright)

Бұл – АҚШ пен басқа елдер арасындағы мәдени алмасу бағдарламасы. Нақтырақ айтсақ, мұнда студенттер білім алып, тағылымдамадан өте алады.

Фулбрайт бағдарламасы бойынша АҚШ студенттері, ғалымдары, оқытушылары шетелде оқуға, зерттеу жүргізуге, сабақ беруге, таланттарын шыңдауға гранттар алады.

🔍 Chevening

Ұлыбритания үкіметінің стипендиялық бағдарламасы. Грант әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрнекті мамандарға арналған. Олар мұнда Британ университетінде кез келген пән бойынша бір жылдық магистр дәрежесін алу үшін келеді.

Chevening толық стипендия ұсынады.

🔍 Erasmus Mundus Joint Master Degree (EMJMD)

Еуропа жоғары оқу орындарының консорциумы ұсынатын магистрлік бағдарлама. Қаржылық қолдау алу үшін бағдарламаға тіркеліп, конкурсқа қатысуыңыз керек. Гранттар уақытша немесе толық мөлшерде берілуі мүмкін.

Егер толық грантқа ие болсаңыз, онда бағдарлама – оқу, медициналық сақтандыру, тұру және ұшып келу билетінің құнын көтереді.

🔍 Stipendium Hungaricum

Бұл – Венгрия Білім министрлігі мен басқа елдер арасындағы екіжақты серіктестікке негізделген мемлекеттік грант. Бағдарлама оқу ақысын, жатақхана және медициналық сақтандыруды толық қамтиды.

Сонымен қатар ай сайын 43700 HUF (137 USD) көлеміндегі шәкіртақы ұсынады. Алайда Венгрияда өмір сүріп, жүріп-тұруы үшін студенттердің жеке қаражаты болуы керек.

🔍 Global Korea Scholarship

Global Korea Scholarship – Оңтүстік Корея жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерге арналған тегін білім беру бағдарламасы.

Грант бакалавриат, магистратура және докторантурада оқу үшін беріледі. Сонымен қатар білім алушылардың жол ақысын, медициналық сақтандыруын, оқу материалдарын және басқа да қажеттіліктерін толығымен өтейді.

🔍 Turkiye Burslari

Түркия стипендиясы – Түркия елінің мемлекеттік стипендия бағдарламасы. Мұнда шетел студенттері бакалавриат, магистратура және докторантурада оқи алады. Оқуға түскеннен кейін түрік тіліне арналған курстар өткізіледі. Ұзақтығы – 1 жыл.

Шәкіртақы оқу ақысын, тұру, сақтандыру және әуе билеттерінің шығынын өтейді. Бұдан бөлек қосымша 54-107 USD мөлшерінде ай сайын стипендия беріледі.