Батыс Түрік қағанаты экономикасының қандай ерекшеліктері болды?

Автор: редактор 06 Сәуір, 2022


📌 Қыздар мен жігіттер, алдыңғы жазбада Батыс Түрік қағанатында бағыныштыларға міндеттелген “қанмен төленетін салық” туралы айтып өткен едік. Бұл мемлекет экономикасының жағдайына айтарлықтай әсер етті. Себебі олар түрлі іспен айналысты. Бүгін осы тақырыпты ары қарай жалғастырамыз.

🔗 Осы секілді тәуелділердің тағы бір түрі болды. Білге қаған ескерткішінің мәтіндерінде бектерге және халыққа арналған сөздер бар. Онда мынадай жол кездеседі: “… менің шын жүректен шыққан сөзімді сендер ескерткішке қарай отырып, он жебе ұлдарына және олардың таттарына жеткізіңдер!”.

🔗 Ертедегі түрік жазуларында кездесетін “таттар” батыс түріктеріне тәуелді, Жетісу аумағындағы отырықшы қоныстар мен қалалардың соғды тілдес тұрғындарына айтылған. Олар түрік қағандарына бағынышты болған. Сонымен қатар бұлар саудамен әрі ауыл шаруашылығымен де шұғылданған.

🖇 Батыс Түрік қағанатында көшпелі мал шаруашылығына басымдық берілді. Сонымен бірге Іле, Шу, Талас өзендері бойында егін шаруашылығы қарқынды дамыды. Орталық Азия мен Шығыс Түркістандағы аймақтар да Батыс Түрік қағанатына қараған. Ұлы Жібек жолының Батыс Түрік қағанатын басып өтуі – қалалық мәдениеттің өркендеуіне және экономикалық жағдайын көтеруге ықпал етті.

📌 Құлан, Навакет, Суяб, Тараз, Меркі, Испиджаб қалалары сауда, қолөнер орталықтары ретінде әйгілі болды. Қағанаттың халықаралық экономикалық және саяси байланыстар аясына тартылуына соғдылық көпестер үлкен рөл атқарды. Жетісуда егіншілік мәдениеті, құрылыс өнері, түрлі қолөнер кеңінен дамыды.

🖇 Түріктер теңге соғуды да игерді. Алайда теңгелер түрік қағандары атынан соғылғанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды.