Оғыздар экономикасында бартерлік сауда қалай жүзеге асты?

Автор: редактор 18 Сәуір, 2022


◻️ Экономикалық жағдайда оғыздардың басым көпшілігі негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Оның ішінде қой, жылқы, түйе, сиыр, ішінара ешкі өсірумен шұғылданды. Сонымен қатар аң аулады.

▪️Көшпелілермен қатар отырықшы және жартылай отырықшы оғыздар да болды. Олар Сырдария алқабындағы қалаларды мекендеді. Махмуд Қашғаридың айтуынша – Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақ қалалары.

▪️Түрлі әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты малынан айырылған көшпелі оғыздар отырықшылардың қатарын толықтырды. Отырықшы оғыздар негізінен егіншілікпен және қолөнерімен айланысты. Түрлі аяқ киім тікті, ыдыс, әшекей бұйымдар жасады.

▪️ Оғыздардың шаруашылығында зат айырбасы мен сауда маңызды орын алды.

▪️Жетісу, Хорезм, Мауараннахрмен сауда жасауда Сырдария алабындағы қалалар (Янгикент, Сабран) елеулі рөл атқарды.

▪️Оғыздар шетке мал, ет, тері, аң терісін шығарып отырды. Ал соғыс кезінде қолға түскен адамдар арқылы құл саудасын өрістетті. Оғыздармен жауласқан тайпалар мен халықтар өз кезегінде қолға түскен оғыздарды да құлға айналдырып, сатып отырды.

▪️9 ғасырда Хорасан билеушілері жылма-жыл Бағдад халифтеріне 2000 құл (оғыз) жөнелтіп тұрды. Орта ғасырлардағы деректемелерде оғыздардың әлеуметтік жіктерге бөлінгені айтылады.

▪️Ал Ибн Фатлах 10.000 жылқысы бар оғыз ақсүйектерінің болғанын жазады. Байлар да, кедейлер де, құлдар мен қатардағы қауым мүшелері де болды.