👀108 жыл бұрын Торғай даласындағы ұлт-азаттық қозғалыста шешуші рөл атқарған Доғал шайқасы өтті. Бұл қақтығыста қолбасшы Амангелді Имановпен бірге Ибрай Атамбеков пен Кейкі Көкім де ерекше ерлік көрсетті. Дүйім жұртты дүр сілкіндірген оқиға — 1916 жылы Орта Азия көтерілісі кезінде торғайлық көтерісшілер мен Ресей империясы әскерлері арасындағы соңғы үлкен шайқас болды.
🦒24 ақпанда ерекше мереке – жолақтар мен теңбілдер күні аталып өтеді. Бұл мерекеге орай кейбір адамдар жираф, жолбарыс, қабылан тәрізді жануарлардың өрнегіне ұқсас киім киіп, көңіл көтереді. Ал енді біреулер балаларының қолынан жетектеп, хайуанаттар бағына барады. Онда зебралар мен түрлі жыртқыш аңдарды тамашалап, олардың табиғи ерекшеліктері табиғатта қалай жасырынуға көмектесетінін баяндайды. Көпшілікке беймәлім, бірақ жануарлар терісіндегі жолақтар мен теңбілдер адамның саусақ ізіне ұқсас. Яғни, олардың әрқайсысы қайталанбас, бірегей болып келеді.
👀Бүгін лотереяның пайда болған күні. 1466 жылы 24 ақпанда Бельгияның Брюгге қаласында алғашқы лотерея ойыны өткізілді. Бұл ұтыс ойынын әйгілі суретші Ян ван Эйктің жесірі ұйымдастырған еді. Лотерея суретшінің қайтыс болғанына 25 жыл толуына орай өтті. Түскен қаражаттың басым бөлігі қаладағы кедейлерге қайырымдылық мақсатында жұмсалды. Аз ғана үлесі ұйымдастырушының өзіне бұйырды. Жалпы тарихтағы ең ірі джекпот 640 миллион долларды құрады. Бұл ұтысты америкалық Mega Millions компаниясы ойнатқан болатын.
Ал сіз лотереядан ұтып көрдіңіз бе?
👥24 ақпанда өмірге келген танымал адамдар. 70 жыл бұрын америкалық кәсіпкер, өнертапқыш және өнеркәсіптік дизайнер Стивен Джобс (1955-2011) дүниеге келді. Apple негізін қалаушылардың бірі — ақпараттық технологиялар дәуірінің аға буыны. Ол қазіргі таңда көпшілік қолданып жүрген инновациялық және концептуалды электронды құрылғыларды ойлап тапты. Сонымен бірге бүгін үлкен ареналарда әрдайым жеңіс жалауын желбіретіп, мүлдем жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Флойд Мейвезер 48 жасқа толды. Спортшы кәсіпқой рингте 50 жекпе-жек өткізіп, 50 мәрте жеңіске жетті. Оның 27-сі нокаутқа түсті. Ал 2013 жылы Сауль “Канело” Альваресті ойсырата жеңді. Боксшының лақап аты — “Money”. Флойдтың байлығы 1 миллиард доллардан асады. Боксшы Конор Макгрегормен жекпе-жек үшін 350 миллион, ал Мэнни Пакьяомен өткізген жекпе-жектен 300 миллион табыс тапқан.
Сіз Apple-дің қандай өнімдерін пайдаланасыз?