Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
2 шілдеден бастап “Отбасы банк” алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын мерзімінен бұрын өтеу тәртібіне өзгерістер енгізеді
«Отбасы банк» АҚ тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінде рәсімделген алдын ала және аралық заемдарды толық өтеу тәртібіне қатысты жаңа талаптар күшіне енді.
Жаңа ереже бойынша, мұндай қарыздарды мерзімінен бұрын толық өтеген жағдайда:
• Қарызға тіркелген депозиттегі жиналған қаражат автоматты түрде негізгі қарызды жабуға жұмсалады;
• Тұрғын үй құрылыс жинақ шарты міндетті түрде тоқтатылады;
• Егер клиент қайтадан заем алғысы келсе, ол үшін жаңа депозит ашуы немесе бұрынғы қарызға байланысы жоқ қолданыстағы депозитті пайдалануы қажет.
Банк бұл жаңашылдықты ұзақ мерзімді жинақ мәдениетін қалыптастыру және тұрғын үй несиелеріне тұрақты қаржыландыру көзі құру мақсатында енгізіп отыр.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі өзара қолдау қағидатымен жұмыс істейді: бір салымшының қаражаты екінші біреуге жеңілдетілген мөлшерлемемен заем беруге мүмкіндік береді. Яғни, бір азамат жинақтап жатқанда, екінші бір азамат жылдық 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6–4,4%) бастап 8,5%-ға дейінгі (ЖТСМ 9–9,6%) мөлшерлемемен несие ала алады.
Жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін жаңа салымдардың тұрақты түрде түсіп тұруы маңызды. Бұл несиелеудің әділеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді әрі кең ауқымды азаматтар үшін тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттырады.
Айта кетейік, ҚР Үкіметі «Отбасы банкін» 2027 жылға дейін жартылай IPO-ға шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда банк активтері мен меншікті капиталы бойынша елдегі төртінші ірі банк саналады.
Құлаққағыс!📌
2023 жылдан бері елімізде 28,4 мың азамат банкрот деп танылған – Қаржы министрлігі
2023 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстанда азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заң күшіне енді. Содан бері елімізде 28,4 мың адам мемлекеттік кірістер органдары арқылы, ал 196 адам сот шешімімен банкрот деп танылған.
МКК мәліметінше, барлық міндеттемелердің жалпы сомасы 147,1 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін 103 азамат қолданған (жалпы сомасы – 9,5 млрд теңге), олардың сегізінің жоспары мақұлданды.
Ведомствоның дерегіне сүйенсек, халық заңның мүмкіндіктерінен хабардар:
– 2024 жылы 83 057 адам өтініш берген,
– 2025 жылдың алғашқы бес айында – 77 106 өтініш тіркелген.
Жаңа түзетулер не береді?
2024 жылдың 20 тамызынан бастап банкроттық рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған бірқатар өзгерістер күшіне енді:
• Тұрақты табысы бар, бірақ мүлкі жоқ азаматтар төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін қолдана алады;
• Соттан тыс банкроттық енді тек банктерге емес, микроқаржы және коллекторлық ұйымдар алдындағы қарыздарға да қатысты;
• Өтініш беру процесі жеңілдеді – енді несие беруші мен қарыз сомасы туралы деректерді көрсетудің қажеті жоқ;
• Өтеу мерзімінің есебі нақтыланды – 1 АЕК-тен төмен төлемдер “өтеу” деп саналмайды, мерзім соңғы төлем күнінен есептеледі.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттар бойынша борышты реттеу талабы алынып тасталмақ. Алдағы өзгерістерге мыналар да кіреді:
• Борышкердің себебін көрсетпей соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату құқығы;
• Барлық қаржылық міндеттемелерді тоқтату, тіпті олар кредиттік бюро базасында тіркелмеген болса да.
Бұл түзетулер 2025 жылдың соңына дейін толық жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.
Ал сіз мұндай мәселеге тап болған жоқсыз ба?🤔
Қазақстанда бір айда 988 млн АҚШ доллары сатылды
Мамырда Ұлттық қордан 988 млн АҚШ валютасы сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 22%-ін құрады.
Мамыр айында 1 доллар 510,82 теңгеге жетіп, 0,3%-ке қымбаттады. Қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 246 миллионнан 238 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,5 млрд АҚШ долларын құрады.
Мамырда Ұлттық қордан 988 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық Банктің болжамынша маусымда Ұлттық қордан 700 миллионнан 800 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады.
«Мамырда «айналау» операциясы аясында 213 млрд теңге алынды. Маусым ішінде осы мақсатта 213 млрд теңгеге баламалы мөлшерде валюта сатылады деп күтілуде», — дейді ведомство.
Мәссаған! 😮
14 жастағы шахматшы Елназ Қалиахмет Қазақстан тарихындағы ең жас чемпион атанды
Астанада классикалық шахматтан ел чемпионатының финалы аяқталды.
14 жастағы Елназ Қалиахмет 1998 жылғы рекордты жаңартып, 13 мүмкін ұпайдың 10-ын жинады.
21 жастағы Қазыбек Нөгербек қосымша матчта жеңіске жетіп, алғаш рет алтын медаль иеленді.
Турнирге еліміздің ең мықты шахматшылары қатысты.
Ғажап! Құтты болсын!😍