Ақшаны қалай үнемдеуге болады?
Қазына кеңес 23 марта, 2022

💸 Кез келген затты сатып алмас бұрын өзіңе ақшаны үнемдеуге көмектесетін қарапайым 3 сұрақты қой.

🔻Қандай мақсатта алғың келеді?
🔻Бұл қажеттілік пен әлде қалау ма?
🔻Аталмыш затты қаншалықты жиі қолданасың?

Міне, осы сұрақтарды қойғаннан кейін эмоцияға берілмей, саналы түрде шешім шығара аласың.

💸 Қаражатыңды жоспарлап үйрен. Күнделікті кіріс пен шығынды жазып отыр. Тіпті, 100 теңгені де жазуды ұмытпа. Ай соңында дәптеріңді ашып, ақшаның қандай мақсатта жұмсалғанын білесің.

💸 Ақшаның бір бөлігін жинауды әдетке айналдыр. Үнемдеуді жеңілдету үшін түсінікті әрі дұрыс жұмыс істейтін стратегияларды қолдан.

Мысалы, 5 конверт техникасын алып қарастырайық. Бұл әдіс бойынша шығын түрін анықтап, негізгі төлемді конвертке бөліп, салып қоясың. Осылайша ақшаны 5 бөлікке бөлесің.

➕60% — ай сайынғы шығындарға жұмсалатын қаражат;

➕10% — үлкен сомадағы қажеттілігіңе арналған ақша. Мәселен, қол сағатын алғың кеп жүр. Сен ай сайын түсетін қаржыдан 10%-ын үнемдеп отырсаң, оны сатып алуға мүмкіндік туады.

➕10% — жоспарланбаған шығындар үшін. Мысалы, күтпеген жерден телефон немесе ноутбук бұзылып қалуы мүмкін.

➕10% — демалыс үшін: театр, кино, мейрамхана шығындары.

➕10% — депозитке немесе арнайы сандықшаға жиналатын ақша. Бұл сәтте өзіңе қауіпсіздік жастығын қалыптастырасың.

Б. Авербах “Көп ақша табу — батырлық, оны сақтау — ақылдылық, ал үнемдеп жарата білу — өнер” деген екен. Ендеше сен де ақшаңды үнемдеуді бүгіннен баста!

Карточка және Айви Ли әдістері арқылы мақсатымызға қалай жетеміз?
Қазына кеңес 21 марта, 2022

Уақыт — біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Егер өзіміздің күнделікті өмірімізге зер салатын болсақ, бос уақытымыздың өте көп екенін бағамдаймыз. Сол себепті уақытты үнемді және дұрыс пайдалану үшін күнделікті әрекеттерімізді назарға алуымыз қажет. Ал оның негізгі жолы – жоспарлау.

Жексенбілік демалысты қалай өткіземіз? ⠀
Қазына кеңес 18 марта, 2022

Бұл күнді барынша тиімді өткіз. Не істеп жүргеніңе мән бер. Жеке отырып, күнделікті істеріңе зерттеу жаса. Әлеуметтік желілерден бас тартып, 10 минутыңды медитацияға арна. Күнделікті өмірдегі қарбалас тірлік ішкі сезімдеріңді тұмшалауы мүмкін.

Назарларыңа қаржылық сауаттылықты арттыратын ТОП-3 кітапты ұсынамыз📚
Қазына кеңес 16 марта, 2022

Бұл кітап 1926 жылы жазылған. Авторы – Джордж Самуэл Клейсон. Мұнда Ежелгі Вавилондағы оқиғалар сипатталады. Кітап авторы өзінің бір әңгімесінде «Адамның байлығы оның әмиянындағы теңгенің санымен өлшенбейді. Байлық оның табысына байланысты айқындалады», – деген екен.

Парето ережесі: 20/80 қағидасын өмірде қалай қолдану керек?
Қазына кеңес 14 марта, 2022

Парето заңы бойынша “20% әрекет 80% нәтижеге алып келеді, ал 80% күш тек 20 % нәтиже береді” деп тұжырымдалады. Бұл экономист әрі әлеуметтанушы Вилфредо Паретоның тайм-менеджментке байланысты құраған ережесі.

Мақсатты қалай дұрыс қою керек?
Қазына кеңес 13 марта, 2022

Арман. Мақсат. Әрекет. Адам осы үшеуі арқылы өз дегеніне жете алады. Арманды шындыққа айналдыру үшін алдыңа қойған нақты мақсатың болуы керек. Ал мақсатты іске асыру үшін әрекет қажет. Қара сөздің қара нары Құнанбайдың Абайы да “Өзі­­ңе сен, өзіңді алып шы­ғар, еңбегің мен ақылың екі жақ­­тап!” деп айтып өткен.

Иммунитетті көтерудің 5 жолы
Қазына кеңес 12 марта, 2022

Иммунитеттің дұрыс қалыптасуы үшін алдымен жеткілікті мөлшерде ұйқы қажет. Себебі ұйқыға жауап беретін мелатонин гармоны кешкі сағат 21:30-22:00-ден бастап бөлінеді. Мелатонин ағзадағы иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне, жаңа жасушалар түзуіне әсер етеді.

Қазақстанның қай жерінде демалуға болады?
Қазына кеңес 10 марта, 2022

Алматыға жолыңыз түссе, қала мен қала маңында жанға жайлылық сыйлайтын демалыс орындарының бірқатары бар. Мәселен, Шымбұлақ тау шаңғы курорты. Бұл Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Мұнда таудың таза ауасымен тыныстаумен қатар шаңғы тебуге болады.

Ақша психологиясы: Ақшамен қарым-қатынасыңызды қалай жақсартуға болады?
Қазына кеңес 08 марта, 2022

Ақшаны жақсы көріңіз

Қоғамда ақшаға деген теріс пікір қалыптасқан. Мәселен, көбі ақша ұстауға қорқады немесе қолына ақша түссе, оны бірден жұмсап тастайды. Есіңізде болсын, ақшаны жақсы көру оған деген шынайы қарым-қатынастан басталады.