Бүгін сендермен Түргеш мемлекетіндегі теңгелер туралы сөз қозғаймыз. Түргештердің мыс ақшасы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде сақталған. Ол 2006 жылы «Сидақ» ортағасырлық қала жұртында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған.
Көшпенділер экономикасы
Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталығы Тараз болды. Бұл мекен жөнінде деректемелерде «көпестер қаласы» деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала болды. Онда түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрды, ал қала тұрғындарының жартысы көпестер еді.
Осы уақытқа дейін көшпенділердегі ақшаның шығу тарихына тоқталған едік. Олар ақша орнына түрлі металлды пайдаланғанын да жақсы білеміз.
Тарих сахнасына сақтар мен ғұндардан кейін шығып, әлемді дүр сілкіндірген халық ежелгі түркілер болды. Олар батысында Византия елімен, оңтүстігінде Персиямен, тіпті Үндістанмен, ал шығысында Қытаймен шектесіп жататын орасан үлкен мемлекет құрды. Ұлы Түрік мемлекеті осылайша өмірге келді.
Алдыңғы жазбада Ұлы жібек жолының өркендеуінен қазақ жерінде қытайлардың ушу монеталары қолданыста болғанын айтып өткенбіз. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалаларында Қытайдың басқа кайюань тунбао монеталары пайдаланыла бастады. Бұл Қытайдың қазіргі замандағы валютасының атымен ұқсас
Көшпенділер саудасы мен ақша айналысы қалалар дамуындағы аса маңызды факторлардың бірі болды. Қала материалдық игілікті өндіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда да жасады. Бұл орайда оның екінші міндетін сол заман үшін ең маңызды деп санауға болады.
Зерттеулерге сүйенсек, қазақ жерінде алғашқы ақшалар біздің заманымызға дейінгі 2000 жылдары пайда болды. Бұл адамдар арасындағы арнайы қажеттіліктен туындаған. Дегенмен уақыт өте келе заттың құнын затпен өтеу ыңғайсыздық туғызды.
Өздерің білетіндей, көшпенділер экономикасында сауданың айырбас түрі қарқынды дамыды. Себебі олар мүлікті, малды баспа бас алмастырып отырды. Осы тұста тауар айырбасы негізгі үш бағытты қамтыды.
Ғұндардың саудасы мен экономикасы туралы алдыңғы жазбалардан бастап айтып келеміз. Олардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген.
Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасына қарай шаруашылықта алыс жерлерге көшуге және қысты күні тебінгілі жайылымға бейімделген қой мен жылқы сияқты жануарлардың үлес салмағы күрт өседі. Тұрғындардың көшіп-қонуы артып, далалық жайылым алқаптарын игеру үрдісі жүріп жатты.