👀Бүгін — Қазақстанда Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні. 1991 жылы 28 маусымда Қазақстанда алғашқы “БАҚ туралы” заң қабылданды. Айта кету керек, бұрын бұл мереке 10 мамырда аталып өттң. Себебі 1870 жылы осы күні алғашқы қазақтілді басылым — “Түркістан уәлаяты газеті” жарық көрді. Алайда кейін бұл басылымның Ресей үкіметінің қаржыландыруымен шыққаны, оның беттерінде қазақ даласын отарлауды насихаттайтын материалдар жарияланғаны анықталды.
Егер таныс журналистерді білсеңіз, оларды кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🗣28 маусымда “шынайы құшақтау” күні де аталып өтеді. Бұл күн әлемде “Счастливый день сердечных объятий” деген атпен белгілі. Ғалымдардың пікірінше, тактильді байланыс адамның өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне зор ықпал етеді. Психологтар ұзақ өмір сүру үшін күніне 4 мәрте құшақ, деннің саулығы үшін 8 мәрте құшақ және интеллектуал тұрғысынан даму мен жеке өсу үшін 12 құшақ қажет деп санайды. Бұл күннің мақсаты – виртуалды әлемде көп уақыт өткізетін адамдардың назарын жан-жарына, ата-ана мен балаға деген сүйіспеншіліктің көрінісі ретінде тактильді байланыстардың маңыздылығына аудару.
👀1997 жылы 28 маусымда бүкіл әлем көз тіккен рингте Майк Тайсон Эвандер Холифилдтің құлағынан тістеп алды. Мұндай әрекетке Майкты итермелеген жағдай — Холифилдтің басымен оның бетіне әдейі соққы жасауы еді. Жекпе-жек тоқтатылады, бірақ Тайсонға ескерту жасалғаннан кейін төреші жарысты жалғастыруға рұқсат береді. Алайда көп ұзамай Тайсон қарсыласының құлағының тағы бір бөлігін жұлып алған соң, жекпе-жек тоқтатылып, Тайсон жарыстан шеттетілді. Сондай-ақ ол 3 миллион доллар айыппұл төледі. 2009 жылы танымал телешоуда Тайсон Холифилдтен кешірім сұрады. Өз кезегінде ол “Темір” Майкқа кешірім берді.
Ұлы Тайсонның ерсі әрекетін мына жерден көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=zKPMVex-UKk
👥28 маусымда өмірге келген танымал тұлғалар. 313 жыл бұрын француз философы, жазушы, ағарту дәуірінің ойшылы Жан-Жак Руссо (1712-1778) дүниеге келді. Ол сентиментализм бағытының негізін қалаушы. Руссо табиғатқа қайтуды насихаттап, адамдар арасындағы толық әлеуметтік теңдікті орнатуға шақырды. Сонымен қатар бүгін әлемдегі ең бай адам Илон Маск 54 жасқа толды. Ол SpaceX негізін қалаушы, бас директоры әрі бас инженері; Tesla инвесторы, бас директоры; The Boring Company, Neuralink және OpenAI негізін қалаушы. 2022 жылы ол Twitter желісін сатып алды. Биыл оның байлығы 350 миллиард долларды құрады.
Илон Масктың туған күніне қандай жылы лебізіңізді білдіресіз?