Ақшаны басқару әрі оны дұрыс бағытта жұмсау — қиын емес. Мұны кез келген жастағы адам меңгере алады. Тек қарапайым әдісін үйреніп, нақты әрекетке көшсең жеткілікті. Ал нәтижесін бір айдан кейін байқайсың.
Қазына кеңес
Рамазан айы — адамның жақсы жаққа өзгеруіне септігін тигізетін ең тиімді уақыттың бірі. ✔️ Сол себепті дұрыс жоспар құру арқылы, жаман әдеттерден бас тартып, пайдалы дүниеге бет бұруыңа мүмкіндік бар. Олай болса, қасиетті айды қалай өнімді өткізуге болады?
Медитация бұл — рухани жаттығу. Ол миды жаман ойлардан тазартып, оны жүйелеуге көмектеседі. Бүгінде медитацияның танымалдылығы артып келеді
Ұйқы адам өмірінде үлкен маңызға ие. Мәселен, тым көп ұйықтаудың да ағзаға кері әсері бар. Нақтырақ айтсақ, 8 сағаттан артық ұйқы өмір сүру жасын қысқартады әрі адамды жиі күйзеліске ұшыратады.
Есік Алматының шығыс тұсында шамамен қаладан 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Өзен теңіз деңгейінен 1760 метр жоғарыда орналасқан. Ол Іле-Алатауларының Есік шатқалын бойлай ағуда.
Қыздар мен жігіттер, осы уақытқа дейін қаржылық сауаттылыққа байланысты пайдалы кеңестерді бөлісіп келеміз. Себебі қазіргі таңда заман ағымына қарай жеке бюджетті басқарудың қағидаларын білу маңызды.
Аллергия басталса, бірден аллерголог дәрігерге қаралғаның жөн. Өйткені арнайы маман сенің жағдайыңды бақылап, дұрыс нұсқаулық тағайындап бере алады.
“Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», – деген қазақтың аталы сөзі көпшілікті ерте тұру мәселесіне бей-жай қарамауға шақырады.
💸 Кез келген затты сатып алмас бұрын өзіңе ақшаны үнемдеуге көмектесетін қарапайым 3 сұрақты қой.
🔻Қандай мақсатта алғың келеді?
🔻Бұл қажеттілік пен әлде қалау ма?
🔻Аталмыш затты қаншалықты жиі қолданасың?
Міне, осы сұрақтарды қойғаннан кейін эмоцияға берілмей, саналы түрде шешім шығара аласың.
💸 Қаражатыңды жоспарлап үйрен. Күнделікті кіріс пен шығынды жазып отыр. Тіпті, 100 теңгені де жазуды ұмытпа. Ай соңында дәптеріңді ашып, ақшаның қандай мақсатта жұмсалғанын білесің.
💸 Ақшаның бір бөлігін жинауды әдетке айналдыр. Үнемдеуді жеңілдету үшін түсінікті әрі дұрыс жұмыс істейтін стратегияларды қолдан.
Мысалы, 5 конверт техникасын алып қарастырайық. Бұл әдіс бойынша шығын түрін анықтап, негізгі төлемді конвертке бөліп, салып қоясың. Осылайша ақшаны 5 бөлікке бөлесің.
➕60% — ай сайынғы шығындарға жұмсалатын қаражат;
➕10% — үлкен сомадағы қажеттілігіңе арналған ақша. Мәселен, қол сағатын алғың кеп жүр. Сен ай сайын түсетін қаржыдан 10%-ын үнемдеп отырсаң, оны сатып алуға мүмкіндік туады.
➕10% — жоспарланбаған шығындар үшін. Мысалы, күтпеген жерден телефон немесе ноутбук бұзылып қалуы мүмкін.
➕10% — демалыс үшін: театр, кино, мейрамхана шығындары.
➕10% — депозитке немесе арнайы сандықшаға жиналатын ақша. Бұл сәтте өзіңе қауіпсіздік жастығын қалыптастырасың.
Б. Авербах “Көп ақша табу — батырлық, оны сақтау — ақылдылық, ал үнемдеп жарата білу — өнер” деген екен. Ендеше сен де ақшаңды үнемдеуді бүгіннен баста!
Уақыт — біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Егер өзіміздің күнделікті өмірімізге зер салатын болсақ, бос уақытымыздың өте көп екенін бағамдаймыз. Сол себепті уақытты үнемді және дұрыс пайдалану үшін күнделікті әрекеттерімізді назарға алуымыз қажет. Ал оның негізгі жолы – жоспарлау.