28 наурыз
Күн жаңалықтары 28 Наурыз, 2022

Бүгін дүниежүзілік тарихшылар күні. Тарихшы – негізгі жұмысы – зерттеу және сауалнама жүргізу, мұрағаттық материалдармен, құжаттармен жұмыс жасау арқылы тарихи мәліметтерді жинау және түсіндіру болып табылатын маман.

27 наурыз
Күн жаңалықтары 27 Наурыз, 2022

1930 жылы 27 наурызда Жетісуда Ақсу көтерілісі басталды. Алдымен 200 көтерілісшілер отряды алға шығып, Абакумовка ауылын басып алды.

Тимур Тян, Автобус, Ashyq. 26 наурыздың топ жаңалықтары
Күн жаңалықтары 26 Наурыз, 2022

🔈 Қызылордалық Тимур Тян «Голос. Дети» жобасының 9 маусымына қатысып, қазылар алқасының көңілінен шықты. Жас әнші Александр Градскийдің «»Как молоды мы были» әнін орындады. Алғашқы секундтарда қазылар алқасынан оны Егор Крид таңдады.

Тимурдың өнерін тамашаладың ба? Тыңдауға кеңес береміз😍

🔊 Тоқаев Алматыдағы Оқушылар сарайына автобус сыйлады. Бұл автобуспен балалар түрлі байқау, жарыс пен фестивальдерге бара алады.🔥

🔉 28 наурыздан бастап мемлекеттік мекемелерге маскасыз және Ashyq қосымшасын пайдаланбай-ақ кіруге болады. Қазақстан Республикасы президентінің іс басқармасы медициналық орталығының бас мемлекеттік санитар дәрігері осы қаулыға қол қойды.

26 наурыз несімен ерекше?
Күн жаңалықтары 26 Наурыз, 2022

26 наурыз Арал теңізі күні болып саналады. 1993 жылы 26 наурызда Қызылордада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары «Арал теңізі мен Арал теңізінің проблемаларын шешу, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бірлескен іс-әрекеттер туралы келісімді» қабылдады.

Топ-3 жаңалық
Күн жаңалықтары 25 Наурыз, 2022

🟢 УЕФА Ұлттар Лигасының аясында өткен алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Молдованы 2:1 есебімен жеңді.⚽️ Ойын Молдова астаны Кишиневте өтті.

25.03
Күн жаңалықтары 25 Наурыз, 2022

Бүгін құлдық пен трансатлантикалық құл саудасының құрбандарын еске алудың халықаралық күні.

Топ-3 жаңалық
Күн жаңалықтары 24 Наурыз, 2022

Kinopark және Kinoplexx желісінің басшысы Алмаз Малдыбаев 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап кинотеатрлардың жабылмайтынын мәлімдеді. Ол сәуір-мамыр айларында көрсетілімге шығатын жаңа фильмдердің бар екенін атап өтті.

24.03
Күн жаңалықтары 24 Наурыз, 2022

79 жыл бұрын – қазақтың белгілі ақын-жазушысы Рафаэль Ниязбеков (1943-2021) дүниеге келді.

Топ-3 жаңалық
Күн жаңалықтары 23 Наурыз, 2022

Мектеп бітіруші түлектер мен колледж студенттерін арналған керемет жаңалық.🔥
ІІ Республикалық “Jas Talant” онлайн конкурсына қатысып, төменде көрсетілген университеттерден грант ұтып алуыңа мүмкіндік бар

23 наурыз
Күн жаңалықтары 23 Наурыз, 2022

97 жыл бұрын – қазақ металлург химигі, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі Бөкетов Ебіней Арыстанұлы (1925-1983) дүниеге келді.