Отырар теңгелері туралы не білеміз?
Көшпенділер экономикасы 28 апреля, 2022

🪙 Отырар алқабында қола теңгенің бірнеше түрі шығарылды. Бұл теңгелердің бет жағында шаршылы садақ және конус тәрізді құрбан шалатын орын, «X» нысанды таңбасы бар белгілер бейнеленген.

Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы сауда байланысының ерекшелігі
Көшпенділер экономикасы 27 апреля, 2022

Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстармен және жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады.

Қимақтар саудасының құпиясы
Көшпенділер экономикасы 21 апреля, 2022

Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды. Балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнер де жақсы дамыды. Мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды.

Қарлұқ, оғыз, қимақ тайпаларының экономикасындағы ТОП-3 ұқсастық
Көшпенділер экономикасы 20 апреля, 2022

Қарлұқ, оғыз, қимақ тайпаларының экономикалық жағдайы күнделікті атқарып отыратын шаруашылықтарына тікелей байланысты еді. Олар ішкі жағдайын ретке келтіре отырып, сырт жақтағы елдермен де сауда байланысын орната білді.

Оғыздар экономикасында бартерлік сауда қалай жүзеге асты?
Көшпенділер экономикасы 18 апреля, 2022

Экономикалық жағдайда оғыздардың басым көпшілігі негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Оның ішінде қой, жылқы, түйе, сиыр, ішінара ешкі өсірумен шұғылданды. Сонымен қатар аң аулады.

Оғыз мемлекетінің астанасы мен қалалары сауданың дамуына қалай әсер етті?
Көшпенділер экономикасы 14 апреля, 2022

X ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Оғыз державасының саяси орталығы ретінде Янгикенттің тандап алынуына көптеген жағдайлар себеп болады. Бұлардың ішіндегі ең бастысы оның Азияның ірі егіншілік өңірлерімен, Хорезммен және Мауараннахрмен түйісуі болды.