Арман. Мақсат. Әрекет. Адам осы үшеуі арқылы өз дегеніне жете алады. Арманды шындыққа айналдыру үшін алдыңа қойған нақты мақсатың болуы керек. Ал мақсатты іске асыру үшін әрекет қажет. Қара сөздің қара нары Құнанбайдың Абайы да “Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап!” деп айтып өткен.
Метка: лайфках
Иммунитеттің дұрыс қалыптасуы үшін алдымен жеткілікті мөлшерде ұйқы қажет. Себебі ұйқыға жауап беретін мелатонин гармоны кешкі сағат 21:30-22:00-ден бастап бөлінеді. Мелатонин ағзадағы иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне, жаңа жасушалар түзуіне әсер етеді.
Алматыға жолыңыз түссе, қала мен қала маңында жанға жайлылық сыйлайтын демалыс орындарының бірқатары бар. Мәселен, Шымбұлақ тау шаңғы курорты. Бұл Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Мұнда таудың таза ауасымен тыныстаумен қатар шаңғы тебуге болады.
Ақшаны жақсы көріңіз
Қоғамда ақшаға деген теріс пікір қалыптасқан. Мәселен, көбі ақша ұстауға қорқады немесе қолына ақша түссе, оны бірден жұмсап тастайды. Есіңізде болсын, ақшаны жақсы көру оған деген шынайы қарым-қатынастан басталады.
Кайдзен өмірдің барлық саласын дамытуға бағытталған. Әлемге әйгілі Toyota компаниясының Екінші дүниежүзілік соғыстан соң үлкен жетістікке жетуі — осы жүйемен тікелей байланысты. Кейін 1990 жылы кәсіпорындардың басым көпшілігі Жапониядан үлгі алу мақсатында аталмыш әдістің ығына жығылды.
«Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, екінші – күш керек, содан соң – тәртіп керек» — деген екен Мұхтар Әуезов. Иә, ойға алған істің орайын келтіру үшін алдымен жоспар құрып, әрекет ету керек. Ал егер ары қарай тәртіппен жүрсеңіз нәтижеге міндетті түрде жетесіз
Демалыс күні әлеуметтік желіден бас тартыңыз. Таңертең ұйқыдан тұрған кезде және жатар алдында телефон ұстамауға тырысыңыз. Зерттеулерге сүйенсек, әлеуметтік желіні жиі пайдалану мидың үш бөлігіне кері әсерін тигізеді.
Шынтуайтында, ақша дән сияқты. Оны ексек, жемісін көреміз. Сондықтан күнделікті өмірде ақша жинауды әдетке айналдырсақ, өз қажеттіліктерімізді өтеуге мүмкіндік аламыз.
Ғылыми нәтижелер спортпен шұғылданатын адамның басқаларына қарағанда есте сақтау қабілетінің жақсы болатынын дәлелдеді. Себебі спорт миға келетін қанның көлемін арттырып, денені оттегімен толық қамтамасыз етеді. Сонымен қатар дене қозғалысы миды артық күштерден арылтады.
Уақытты тиімді басқарудың кез келген әдісі маңызды 3 бөлімнен тұрады. Атап айтатын болсақ, бірінші — маңызды жұмысты анықтау, екінші — жоспарлау, үшінші — бақылау.