Біз алдыңға жазбаларда Отырар маңында түрлі теңгелердің жасалғанын айтқанбыз. Отырар – Қазақстан тұрғындары ғасырлар бойы пайдаланып келген ақшаның бүкіл тарихы көрсетілген ежелгі қала. Ол кезде әртүрлі ақшалар шығарылды. Сонымен қатар ақша реформасы да көп болды.
Көшпенділер экономикасы
Ақша ежелгі көшпенділер дәуірінде пайда болды. Дегенмен бастапқыда ақшаның орнына өнімдер айналымда жүрді. Ал айырбастау үшін өнім «тауарға» айналды.Осылайша тауарлы өндіріс келді. Осы тауарлар ақша есебінде жүрді.
Қаңлы экономикасында қолөнер бұйымдарымен қатар шикізат өндіру шаруашылығы да жақсы дамыды. Ел тұрғындары өзін-өзі тұрмысқа қажетті заттармен толық қамтамасыз ете алған. Осылайша дамыған аймақтары тез арада қолөнер және сауда орталықтарына айналады.
⠀
1️⃣Қаңлылар көршілес ғұн, үйсін тайпаларымен соғысты. Бастапқыда жер үшін басталған соғыстың кейін бағыты өзгерді.
Олардың негізгі территориясы Қазақстанның Жетісу өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл аумағы және Қытайдың Іле аймағы болды.
Сақтар Қазақстан аумағында құрылған алғашқы тайпалардың бірі. Олар мекен еткен дәуірді тарихта ерте темір ғасыры, ерте көшпенділер дәуірі деп атайды.
⠀